Елордада композитор Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арналған қойылым өтеді

ТЕАТР
1531

Атақты композитор, дирижер, дәулескер домбырашы, Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығына арнап, алғаш рет би өнерімен қойылым өтеді.  Қойылым Елордада 29 сәуір күні, сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрының көрермен залында өтеді. Музыка мәдениетіне үлкен үлес қосқан өнердің алып тұлғасы Нұрғиса Тілендиевтің өмірін алғаш рет бимен өрнектеп, шығармашылығын халыққа би тілімен жеткізеді.

Композитор Нұрғиса Тілендиевтің оркестрге арналған «Поэма», «Ата толғауы», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Арман», «Махамбет», «Көш керуен» поэмалары мен «Халық қуанышы», «Қайрат», «Жеңіс салтанаты» атты кіріспелердің, 400-ге тарта ән мен романстың авторы. 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық фильмге, 14 деректі-хроникалық фильмге музыка жазған. Аталған спектакль арқылы өскелең ұрпақты Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығымен таныстыру, жастар арасында халық музыкасын насихаттау, тыңдармандарды ұлттың рухын құрметтеуге, би өнерін дәріптеуге үндеу. 

Айта кетейік Президент Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығын кең көлемде атап өту қажеттігін айтқан болатын.

Жаңалықтар

Семейде бір үйдің 16 және 18 жасар екі жасөспірім із-түзсіз кетті. Жоғалғандарды іздеуге Семей полиц...

Жаңалықтар

Медеу ауданының прокуратурасы «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін аны...