Театртанушы Сақтаған Тұрлымұратов қайтыс болды

ТЕАТР
946

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, театртанушы Сақтаған Тұрлымұратовты тоқсанға қараған шағында дүниеден озды.

Театртанушы Сақтаған Тұрлымұратов

Сақтаған Тұрлымұратов 10 тамыз 1933 ж. Қызылорда облысы Сырдария ауданы Сұлутөбе кыстағында дүниеге келген. Ташкентте А.Н.Островский атындағы көркем театр институтының театртану факультетін профессорлар М.С. Григорьев, Я.С. Фельдман және К.Д. Березиннің жетекшілігімен театр сыншысы Бағыбек Құндақбаев ағамызбен бірге оқыған.

Еңбек жолын театр саласынан бастаған С.Тұрлымұратов саналы ғұмырын қазақ театр өнерінің дамуына арнаған.

madeniportal.kz