Мәдениет және спорт министрі Қуанышбаев театрына барды

ТЕАТР
871

Мәдениет және спорт министрі Асхаи Оралов Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды.

Бұл туралы ол фейсбук парақшасында жазды.

Шығармашылық ұжыммен – қоюшы режиссерлермен, актерлермен, музыканттармен кездестім. Биыл 30 жылдық тарихы бар театрда бірден 8 премьера сахналанады. Дайындалып жатқан спектакльдердің көпшілігі отандық авторлардың туындылары екені қуантады. Сонымен қатар әртүрлі жанрлар тарихи драмалардан бастап, эксперименттік жұмыстарға дейін қамтылған, – деді Асхат Оралов. 

Министрдің айтуынша, елімізде театр өнерінің ертеден қалыптасқан дәстүрі мен бірқатар көрнекті қойылымы бар.

Жаңадан қойылатын спектакльдермен қатар классикалық туындылардың да жаңаша көзқараспан қайта сахналанып жатқаны құптарлық.   Министрлік шығармашылық жұмыстарды жалғастыру бағытында, барынша жағдай жасайды. Бұл ретте, еліміздің барлық өңірлеріне бірдей назар аударатын боламыз, – деді министр әлжелідегі жазбасында.

Мәдениет порталы      

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...