Әнуар ӘЛІМЖАНОВ, Сәкен ИМАНАСОВ сынды алыптар түлеген топырақта тағы бір қаламгер оқырман көңіліне ж...
Мөде қағанның тағдыры арқау болған тарихи роман жарық көрді
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында филология ғылымдарының кандидаты, түркітанушы ғалым Иманғазы Нұрахметұлының «От пен су» (Мөде қаған) романының тұсаукесері өтті.
Иманғазы аралас құрмалас сөйлемдерге көп қызықпайды. Түсінікті қылып жеткізеді. Бір жағынан поэзияның да өкілі, екінші жағынан ғылыми зерттеулермен де айналысады. Кезінде қасиетті Түркістанда білімін жетілдіріп, сонда «Ескі дәуір әдебиеті. Қазақ әдебиетінің ерте кезеңдері» атты кандидаттық дисертация қорғаған. Бұл еңбек біздің бүгінгі рухани қауымға аса қажет екенін сезініп отырмыз, - деді ЕҰУ-нің ф.ғ.д., әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Дихан Қамзабекұлы.
Ол Иманғазы Нұрахметұлының осыған дейін жазып, жинаған еңбектері бір бөлек, ал осы «От пен су» (Мөде қаған) романы бір бөлек екенін атап өтті.
Оның айтуы бойынша, кітаптың аты өте дұрыс қойылған. От пен су дегеніміз – қарама-қарсылық. Өмірде барлық зат осыдан тұрады. Ал бұл сол қарсылықты жеңу деген сөз.
Шарада белгілі ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері өз құттықтауларын айтты.
Сондай-ақ тарихшы Тұрсынхан Қайыркен кітапта біраз жаңа дүниелер жазылғанын айтты.
Бұл тақырып маған таныс. Осының артынан 20-30 жыл ердім. Ғұндардың қытай тілінде шыққан жазбаша тарихы орысшаға да, ағылшыншаға да аударылды. Этнографиясы, археологиясына, дүниетанымына байланысты біраз дүниелерді жинадым, көрдім, оқыдым. Бұл кітапқа біраз жаңа дүниелер жазылған екен. Оны халыққа жеткізу,әрине, біздің міндетіміз.Жеңіл, өнер тілімен тарихта өз орнын қалдырды, - дейді т.ғ.д., профессор Тұрсынхан Қайыркен.