Қостанай облысында төрт мектепке ұлы тұлғалар есімі берілді

МУЗЕЙ
1142

Қостанай облысында төрт мектепке қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың, тағы бес мектепке Алаш Орда көшбасшыларының есімі берілді.

«Келесі білім беру ұйымдарына бекітілсін:

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №27 жалпы білім беретін мектебі» КММ Абай есімі;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің №3 мектеп-лицейі» КММ Абай есімі;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің №3 жалпы білім беретін мектебі» КММ Абай есімі;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің №3 жалпы білім беретін мектебі» КММ Абай есімі;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №29 жалпы білім беретін мектебі» КММ Әлихан Бөкейхан есімі;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №19 жалпы білім беретін мектебі» КММ Ахмет Байтұрсынұлы есімі;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №15 жалпы білім беретін мектебі» КММ Міржақып Дулатұлы есімі», – делінген үкімет қаулысында.

Сондай-ақ, Министрлер Кабинеті келесі білім беру ұйымдарын қайта атауға қаулы етті:

- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданының білім беру бөлімінің Н. Крупская атындағы негізгі орта мектебі» КММ-Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданының білім беру бөлімінің Жұматай Сабыржанұлы атындағы негізгі орта мектебі» КММ;

- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Родин жалпы білім беретін мектебі» КММ-Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;

- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің №2 Қашар жалпы білім беретін мектебі» КММ-Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;

- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданының білім беру бөлімінің мемлекеттік тілде оқытатын Қарасу жалпы білім беретін мектебі» КММ-Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданының білім беру бөлімінің мемлекеттік тілде оқытатын Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...