Эдвард Мунк: Мұндай нәрсені жынды адам ғана жасай алады.

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
2020

Норвегия Ұлттық мұражайында жүргізілген сынақтар нәтижесінде атақты суретші Эдвард Мунктың "Айғай" картинасындағы жазудың кімге тиесілі екені анықталды.

Инфрақызыл сканермен ғана көрінетін картинадағы жазу

Бүгінге дейін өнер әлемінде әлемдегі ең танымал картиналардың біріндегі шағын сөйлемді кімнің жазғаны жөнінде көптеген болжамдар жасады. Суретшілердің шығармашылығы мен өмірін зерттеушілер осы бір жазуды ашу үстіндегі белгісіз бір адамның әрекеті ме екен, әлде Мунктыңтың өзі жазды ма деген сұрақты көптен бері қойып келеді. 

Алайда араға біршама уақыт салып Норвегия ұлттық музейі жүргізген сынақтар нәтижесінде суреттің жоғарғы сол жақ бұрышында қарындашпен «Мұндай нәрсені жынды адам ғана жасай алады» деген жазудың Мунктың өзіне тиесілі екенін дәлелдеді. Музей инфрақызыл сканерлерді қолдану арқылы Мунктың күнделіктеріндегі және хаттарындағы қолжазбасын картинадағы жазумен салыстырып осындай қорытындаға келіп отыр. 

Мунктың әйгілі туындысы 2022 жылдан бастап Норвегияның Ұлттық галереясында қойылады

Айта кетейік, келесі жылы Ослода ашылатын жаңа мұражайға қойылатын атақты туынды күрделі жөндеуден өтті.

madeniportal.kz


Жаңалықтар

Нью-Йорктің Оңтүстік округіндегі рэпер әрі продюсер П.Диддиге қарсы тағы 2 арыз түсті, деп хабарлайд...

Жаңалықтар

Француз қонақ үйінің қызметкері 16 жыл өткеннен кейін студент қызға қол тигізгені үшін түрмеге қамал...