Жыр додасы қас қарайғанша созылып, халық әртісі Асанәлі Әшімов бастаған қазылар шешімімен бас жүлде Қанат Мырзаханның қанжығасына байланды. Бас жүлде иегеріне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 2 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.
Ал бірінші орынға лайық деп танылған Рүстем Қайыртай мен Еркебұлан Қайназаровқа 750 мың теңгеден берілді. Әрқайсысы 500 мың теңгенің сертификатына ие болған Шапағат Сәбитқызы мен Нұрмат Мансұр екінші орынға табан тіреді. Павлодар облысының тумасы Аспанбек Шұғатаев, Петропавлдан келген Жарқын Жұпархан, Шұғайып Сезімхан үшінші орынды місе тұтып, оларға 300 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді. 3 ақынға ынталандыру сыйлығы берілсе, қалған қатысушылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды.