Сұлтан Салах ад-Дин Аюби шыққан ұлттың қазақ жеріндегі қазіргі хал-ахуалы

ТАНЫМ
6660

Ислам әлімінің ең ұлы қолбасшыларының бірі һәм бірегейі, Аюби әулетінің атасы, Игипеттің билеушісі, сұлтан Салах ад-Диннің ерлегін әлем халқы еш жадынан ұмытқан емес. Оның қаһармандығы қаншама дастандар мен аңыздарға арқау болды. Тіпті атақты сұлтанның болмысына тамсанып, Вальтер Скотт та ол жайлы роман жазды. Ия, сұлтан Салад ад-Дин жайлы таңды таңға ұрып айтуға һәм жазуға болады. Алайда бүгінгі әңгіме сол сұлтан шыққан ұлттың Қазақстан жеріндегі хәл-ахуалы жайында болмақ.

Сұлтан Салах ад-Дин, арыстан жүректі Ричардқа қарсы соғыста

Күрдтер – Кіші Азияның шығысындағы таулы аудандары мен оңтүстік-шығысының байырғы тұрғылықты халқы. Күрд этносы ирандық және басқа да тайпалардың негізінде қалыптасты. Ислам дінін қабылдағанға дейін 5 мың жыл бұрын күрдтер Кіші Азияның таулы аудандарына қоныстанады. Бүгінгі таңда олар төрт мемлекеттің – Түркия, Иран, Ирак және Сирия территориясында өмір сүріп жатыр. Осы мемлекеттермен шегаралас Арменияда, Грузияда , Ауғаныстанда, Әзірбайжанда да тұрады. Сонымен қатар постсоветті Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан сынды дамушы мемлекеттер де қоныстанған.  Дүниежүзінде жалпы саны — 40 миллион шамасында. Өздерін күрд деп атайды, бірақ бұрын бұл халықтың тайпаларын гутеи, кутеи, куртии, карди, кардуһи деп атаған. 

2019 жылдың басында Қазақстан территорияясындағы күрдтердің саны 46 348 адамды сұрады. Алайда еліміздегі күрд диаспорасы этностың саны 100 мыңнан асып жығылады деп есептейді. Ресми һәм бейресми деректердегі мұншалық үлкен айырмашылықты "Барбанг" күрд қауымдастығының төрағасы Князь Мирзоев былай деп түсіндіреді:

"Бейресми деректерге сүйенсек, жер бетінде 50 млн-ға жуық күрд халқы бар. Басым көпшілігі жоғарыда айтқанымдай Түркия, Иран, Ирак, Сирия және Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан сынды постсоветті елдерде тұрады. Әрине, Еуропа елдері мен Америкада да күрд этносының диаспоралары бар. Ал осылардың ішінде ең үлкен күрд халқының диаспораларының бірі Қазақстан мемлекетінде. Алтай мен Атырауға дейінгі алып мекенді алып жатқан ұланғайыр қазақ елінде шамамен 100 мыңға жуық күрд ұлтының өкілдері күн кешіп жатыр. Ресми деректер бойынша олар 48 мыңға жуық деп есептелінеді, ал бейресми ақпараттар бойынша жоғарыда айтқанымдай 100 мыңға жуық. Неге бейресми десеңіз, кезінде жер аударылған күрд халқының көпшілігі өз-өздерін құжаттарға әзірбайжан деп жаздырған. Әзірбайжандар мен түрік халқының арасында күн кешкеннен кейін ассимиляцияға ұшыраулары да, саяси жағдайлардың да әсер еткені рас."

Қазақстандағы күрд ұлтының өкілдері көбіне оңтүстік аймақтарда, дәлірек айтсақ Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарында қоныстанған.  Сонымен қатар Қазақстанның басқа да өңірлерінде күрдтер санының күн санап өсіп келе жатқанын айта кетуіміз керек. Өткен жылғы, яғни 2020 жылғы халық санағы бойынша жиі шоғырланған өңірлердегі күрд этносының санын кесте түрінде бергенді жөн санадық. 

1. Жамбыл облысы бойынша күрдтердің саны - 15 596. Облыс аудандарында және қаласында көрсеткіш төмендегідей:  

2. Түркістан облысы бойынша күрдтердің саны  - 3 226.

3. Алматы облысы бойынша күрдтердің саны - 15 219.

Күрдтердің Қазақстан жеріне депортациялары 

Күрдтердің Қазақстан территориясына орналасуының бірнеше кезеңдерден құралғаның айтамыз. Біріншісі – 1937 жылдың күзі. Депортацияның екінші толқыны халықаралық тыңшылық тұрғысындағы күдіктің салдарынан кавказдық көптеген халықтардың, оның ішінде шешендердің, ингуштардың, месхедтік түріктердің, қарашайлардың депортацияланған 1944-1948 жылдары. Осы 40 мың қоныс аударушылардың жартысы курдтер еді. Үшінші кезең - 1989-90-жылдар. Дәлірек айтсақ, 80-жылдардың аяғында Таулы-Қарабаққа байланысты армян-азербайжан қақтығыстары өршіді. Осындай шиеленісті жағдай біздің де қайтадан басқа жаққа қоныс аударуымызға мәжбүрледі. Халқымыздың көпшілігі Қазақстанға баруды ұйғарды. Атап айтатын мәселе – 1989-1993 жылдар арасында Қазақстандағы курдтердің саны Қарабақтағы әскери қақтығыстардың, Қырғызстандағы және Өзбекстандағы тұрақсыз хал- ахуалдың салдарынан 25 %-ға өсті. Осы кезеңде Қазақстанда экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық пен ұлтаралық келісім үлгілі сипатта болды.

Күрд этносының тілі

Күрд тілі үнді-еуропа тілдер тобына жатады. Тәжік, иран тілдеріне жақын болып келеді. сонымен қатар аталмыш халықтың тілі бірнеше диактілерге айрылады. Олардың ішіндегі ең ірілері сорани және курманджи шивалары (диалектілері). Бір айта кетерлігі, күрд халқының әдеби тілі де осы екі шиваның негізінде қалыптасты. Куржамджи шивасын постсоветті елдер мен Түркия, Әзербайжан аумағында өмір сүретін күрдтер қолданса, сорани шивасын Ирак, Иран өлкелерін мекен еткен күрдтер қолданады. 

Күрд халқының жазуы ислам дінін қабылдамаған уақытта да қолданыста болғанымен де, көркем-әдеби жазуы араб әліпбиі негізінде дамыды. ХХ ғасырдың бірінші жартысында, яғни 1930-жылдары латын әліпбиіне көшу туралы алғашқы қадамдар жасала бастады. Ал 1931 жылдан бастап бұрынғы Кеңес одағының құрамында болған Түркіменстан мен Әзірбайжанда тұратын күрд этносы латын қарпіне көшті. 

Сондай-ақ Қазақстан мемлекеттік тілінің латын әліпбиіне көшу аясында 2020 жылы елімізде тұратын күрд ұлты үшін филология ғылымдарының докторы, белгілі қазақстандық шығыстанушы, әдебиет сыншысы, Орталық Азиядағы ең ірі лингвисттердің бірі, күрд ұлтынан шыққан ғалым Князь Мирзоев авторлығымен латын қаріптері негізінде күрд әліпбиі жасалды.  

Этномәдени орталықтары

Еліміздегі "Якбун" күрд қауымдастығы атауы 1999 жылы "Барбан" (Таңсәрі) деп өзгертілді. Бүгінге дейін қауымдастықты А. З. Алиев, Б. М. Сулейманов, Н. К. Надиров сынды ұлт зиялылылары басқарып келсе, қазіргі таңда жоғарыда аталған латын қарпі негізінде күрд әліпбиін жасаған автор, Халықаралық ғылым академиясының жоғарғы мектебінің академигі, профессор К. И. Мирзоев басшылық етеді. Қауымдастықтың мақсаты міндеті -еліміздегі өзге де мәдени орталықтар сынды, тілі мен ділін, мәдениеті мен руханиятын сақтау һәм жандандыру болып табылады. "Барбанг" күрд қауымдастығының Қазақстан бойынша Жамбыл, алматы, Түркістан облыстарымен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Талдықорған қалаларында, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қарағанды облыстарында мәдени орталықтары жұмыс жасап келеді.

Сонымен қатар, Жамбыл облысында «Sterk»  ансамблі, Алматы қаласында «Бахар», Шымкент қаласында «Барбанг», Нұр-Сұлтанда «Зазан» және т.б.  мәдени ұйымдар мен ансамблдер, «Күрдістан» вокалды-инструменталды ансамблі, балалар хоры мен «Мидия» вокалды тобы бар. танысып жатырмыз. Орталық күрд тілін зерттеумен жандандыру мақсатында жұмыстар жүргізуде. Алматы қаласында және басқа да облыстарда  Ассоциация филиалдарында күрд тілін ұрпақтар зерттеумен айналысатын жексенбілік мектептер жұмыс істейді.  

Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен әдеби-көркем, ғылыми және зерттеулерге қоғамдық-ағартушылық журнал «Nubar» («Тұңғыш»), ай сайын шығатын газет «Жийна курд» («Курдтер өмірі») газеті шығады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақұлдауымен жалпы білім халық беретін және жексенбілік мектептерге арналған Князь Мирзоевтің 2006 жылы тұңғыш рет курд тілінің оқулығы және  курд тілінің мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік  кешен дайындалып, сол жылы жарыққа шықты. Әрине, мұндай игі бастама ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан өз жалғасын тапты. 2006 жылы « Zimanê Kurdî» деп аталатын 2-5 сыныпқа арналған оқулықтың басылымынан кейін , ізін ала осы кітаптың 6-9 сыныптарға арналған нұсқасы күрд тілін үйренуші оқушыларға жол тартты. "Bername û mêtodîka hînbûna zimanê kurdî" ( Ji bona mamosteyên dersğanê 2-9-a) мен «Alfabe» атты оқулығы 2020 жылы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан жарыққа шықты. Бір айта кетерлігі, бұл оқулықтар мен оқу құралдарының авторы жоғарыда аты аталған «Барбанг» күрд қауымдастығының төрағасы Князь Мирзоев. Бұдан бөлек 1995 жылы А. З. Алиевтің «Қазақстандық күрдтер», 2003 жылы Нәдір Нәдіровтың «Біз, қазақстандық күрдтер» кітаптары басылып шыққан.

 

Қорытынды

1995 жылдың 1 наурызында республикамыздың қоғамдық-саяси алаңында әлемде баламасы жоқ ұлттық саясат саласындағы жаңа институт- Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаннан кейін, Ассамблея Қазақстандағы әртүрлі этностардың бейбітқатар өмір сүруіне тән жаңа үлгілер туындайтын өзіңдік ерекшелігі мол достық институтына айналды.Осы бір институт аясында кешегі Египет билеушісі сұлтан Салах ад-Дин Аюбидің шыққан ұлты, күрдтердің тілі мен ділі, әдебиеті мен мәдениеті, ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері қазақ жерінде жанданып келеді. Бұл, әрине, Тәуелсіз Қазақстанның дамуын нығайтудағы қуатты үйлесімді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың даналығымен жүргізіліп келе жатқан ішкі және сыртқы саясатын қолдаудың жарқын көрсеткіші.

Жомарт Жылкелдіұлы

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...