Біз орыс тарихындағы түркі аристократтары туралы не білеміз?

ТАНЫМ
3559

Жақында «Абди компани» АҚ-ның қолдауымен Қазақстанда екі тарихи кейіпкер – қазақ патшасының ұлы, ал кейіннен Касим хандығының патшасы Ораз-Мухаммед ибн Онданның және сібірлік мырза, Мұсаитовтың ұлы Исиней Қарамышевтың тағдырларына арналған қызықты кітап жарық көрді. Олар Мәскеу мемлекетінің, Қазақ Ордасының және Сібір хандығының тарихында елеулі із қалдырды. Назарларыңызға кітаптың авторы – Ресей тарихы институтының орыс феодализм тарихы орталығының аға ғылыми қызметкері Андрей Беляковпен болған сұхбатымызды ұсынамыз.

- Сізді бұл кітапты жазуға не итермеледі? Түркі тамырлары бар орыс тарихының кейіпкерлері оқырмандарға қаншалықты қызықты болуы мүмкін?

- Барлығы осыдан 20 жыл бұрын басталды, ол кезде мені түркі ақсүйектерінің Мәскеу мемлекетінде инкорпорациясы процесі (оны тарту, жоғары әскери сословия құрамына кіру) қызықтырған. Сонда мен материалдар жинақтау үшін өте шектеулі дереккөздердің проблемасына тап болдым. Бұл зерттеуде белгілі бір страталарды немесе белгілі бір ерекшеліктері бойынша іріктелген адамдар топтарын зерттеу кезінде пайдаланылатын просопография әдістерін қолдануға мәжбүр етті. Бастапқыда ол шыңғысидтер болды. Нәтижесінде 2011 жылы «алтын ру» өкілдерінің 189 ұжымдық өмірбаяны болып табылатын XV – XVII ғасырлардағы Ресейде шыңғысидтер туралы менің кітабым жарық көрді. Айтпақшы, қазір маған қарастырылып отырған кезеңде Ресейде тұрған Шыңғысханның 225 ұрпағы белгілі. Анықталғандай, олардың бірқатарын қазақ халқының өкілдеріне жатқызуға болады.  

Бірте-бірте материалдар жинала басталды. Қандай да бір дәрежеде мен үшін қызықты болып табылатын адамдар тобы айтарлықтай кеңейді. Бұл шыңғысидтердің туыстары, ноғай мырзалары, «алтын ру» жеке өкілдерінің отбасы мүшелері, және қызықты тағдыры бар түркітекті (көбінесе) тұлғалар. Нәтижесінде тікелей ислам тасымалдаушылары арасында, сондай-ақ Мәскеу мемлекетінің православиелік халқы арасында көлденең және тік байланыстар айқын көріне бастады. Белгілі бір сәтте сан сапаға ауысып, Ресейде бірқатар мұсылмандардың өмірбаяндарын жазу мүмкіндігі пайда болды. Оның үстіне, просопография дереккөздердің жетіспеушілігі мәселесін шешуге көмектесуді жалғастыруда. Менің көптеген кейіпкерлерім неке, бірлескен қызмет және т. б. арқылы өзара байланысты болғаны анықталды. Сондықтан, бір адамның өміріндегі жаңа парағын аша отырып, сен кейде алған біліміңізді басқаларына экстраполяциялауға мүмкіндік аласың.

«Абди компанидың» танымал ету қызметін де атап өтпеуге болмайды. «Қазақтар. Тарихы мен мәдениеті» атты кітап сериясы бар екендігі туралы ақпарат өз жұмысын атқарды. Кітап сол үшін арнайы жазылған.

Сұрақтың екінші бөлігіне келетін болсақ, оған Юрий Левитанскийдің өлеңіне танымал әнмен жауап беруге болады:

«Сіз мұның бәрі керек болады деп ойлайсызба?

Мен мұның бәрін жасау керек деп ойлаймын».

Түркі компоненті Орыс мемлекетінің тарихында ол құрылған кезден бастап қатыса бастады. Бұл тек әскери тұтқындар ғана емес. Мысалы, мещерлік татарлар Мәскеу княздігінің шекарасын XIV-XV ғғ. бастап күзеткен. Ал егер бұл құбылыс орын алған болса, бұл сипатталған (тіркелген) болуға лайық. Герман Гессе романының ойдан шығарылған Касталия деп аталатын провинциясында көптеген ғалымдар тез арада пайда алатын нәрселерге назар аудармай, болашаққа жұмыс істеді. Ал қазіргі уақытта жағдай басқаша. «Ресейдің түркі тарихына» деген сұраныс байқалады. Оның үстіне, РФ-да осы адамдардың ұрпақтары өмір сүруді жалғастыруда. Атап айтқанда, өз руын Кучум ханынан бастаған Сібір князьдері. Менің жұбайым да XVI ғасырдан жазбаша дереккөздерден белгілі мещер князі Енгалычевтердің өкілі болып табылады. Егер зерттеу сапалы өткізілген болса, ол өз оқырманын табады. Мұндай әдебиетті оқу, дүниежүзілік әдебиет кеңістігін жаулап алған «фолк хистори» қатарындағы және кітап дүкендерінің сөрелерінде толып жатқан шығармаларға қарағанда, қиындау екені түсінікті.   

Бірақ оқырманмен ойнаудың да қажеті жоқ. Қатардағы адамның деңгейіне түспей, оны ең болмағанда ішінара өз біліміміздің шыңына тартуға тырысу керек.

Оның үстіне, Ораз-Мұхаммедтің өмірбаянын жазу мәселесі баяғыда пісіп-жетілген. Бұл тұлғаға қызығушылық 20 жыл бұрын пайда болды. Оған мақалалар, монографиялар, диссертациялар арналады. Осындай сюжеттерге белгілі бір, бұл сөзден жасқанбаймын, сән пайда болды.

Осының барлығы 1863-1887 жж. шығарылған 4 томдық «Касим патшалары туралы зерттеу» атты іргелі шығарманың авторы В.В.Вельяминов-Зерновтың деректік базасында құрылады. Бірақ өткен уақыт ішінде ғылыми айналымға ақпараттың шығу тегін анықтайтын жаңа объектілер енгізілді. Біз XVI-XVII ғасырларда Ресейде өткен процестерді жақсы түсіне бастадық. Алайда, әдетте мұндай нәрселерді зерттеушілер елемейді. Дегенмен, олар өздерінің ізашарларының жұмыстарын да байқамайды. Соңғысы ерекше түсінбеушілік тудырады. Жақын елдерде және тіпті облыстарда шығарылатын қағаз тасымалдағыштағы ақпарат қолжетімсіз болған дәуір өтіп кетті. Интернет айтарлықтай дәрежеде бұл кемшілікті түзеді. Ең бастысы – ниет болу керек. Бірақ ол кейде жоқ.

Менің кітабім барлығына ұнай бермейтінін түсінемін. Қандай да бір мифологиядан бас тарту қиын. Бірақ мен де әркімге ұнауды көздемедім. Мақсатым – орыс және қазақ халықтарының жалпы күрделі тарихының біршама беттерін мүмкіндігінше дәлірек және бейтарап жария ету болды. Алайда маған бірқатар жағдайларда құжаттармен бекітілмеген болжамдар жасауға тура келеді. Мұнда автор сынға ұшырауы мүмкін. Мен оның конструктивті болуын қалаймын. Пікірталас арқылы шындыққа жетеміз.

- Өзіңіз атап өткендей, Ораз-Мухаммед пен Исиней Мұсаитовтың, яғни  екі бөлек кейіпкерлердің өмір жолдарына параллельді талдау жасау, –арнайы тәсіл ме? Ол қарастырылып отырған дәуірдің тарихи үдерістерінің мәнін тану тұрғысынан не береді?

- Өмірде кейде жекешелеп қарастыруға қиын болып табылатын тұлғалар кездеседі: олардың өмірбаяндарында жанасу нүктелері соншалықты көп. Бұл  кітаптың екі басты кейіпкері – сұлтан Ораз-Мұхаммед пен мырза Исиней Қарамышевке де қатысты. Осы ретте олардың біреуі екіншісінің антитезасы болып табылады. Оның үстіне, Кучум ханмен және оның ұрпақтарымен терең туыстық байланыстан бастап көптеген ортақ нәрселерге ие болғандарына қарамастан, олар әрдайым баррикаданың әртүрлі жағында болды. Сонымен қатар, мен қолданған тәсіл XVII ғасырдың басындағы Ресейдегі Аласапыран кезі оқиғаларындағы түркі элитасының мінез-құлқының екі түрлі сценарийін көрсетуге мүмкіндік берді.

- Сіздің кітабыңызда тарих зерттеушілері мен әуесқойлары қандай жаңа фактілер немесе сюжеттік желілер табады? Сонымен бірге сіздің кітабіңіздің кейіпкерлері өмір сүрген дәуірмен байланысты қандай да бір аспектілерге бұрынғы көзқарастарды теріске шығарған боларсыз. Бұл туралы нақтырақ айтып бере аласыз ба?

- Жалған қарапайымдылықсыз айтарым – кітапта жаңа ашылымдар көп. Олардың кейбіреулері соңғы екі онжылдықта ғылыми айналымға біртіндеп енгізілген, ал басқалары кітап жазу барысында жасалды. Мен үшін ең маңыздыларының тізімдемесін берейін:

- Ораз-Мұхаммед пен Кучум ханның күтпеген «туыстығы».

- Ораз-Мұхаммедтің әкесі Онданның хандық титулының болуы.

- Соңғы Сібір ханы неке саясатындағы өте маңызды қазақ құрауышы. 1598 жылы тұтқынға алынған Кучумның әйелдері мен қыздарының бір қатары тек қана Сібір ханшайымдары емес, сондай-ақ қазақ ханшайымдары да болып шықты.

- Сібір қарашасының табылған аты. Және бұл Қадыр Әли бек емес. Соңғысы қазақ сұлтанының аталығы (тәрбиешісі) болған көрінеді.

- Орыс қызметінде ноғай мырзаларының бір қатарының өмірбаяндары нақтыланды.

- Сібір Шибанидтері отбасыларының жеке өкілдерінің тағдыры анықталды.

- XIX ғасырда жасалған құжаттардың жарияланымдарын мұрағаттық түпнұсқалармен салыстыру, екі жүз жыл бойы біз әрдайым шынайы ақпаратты пайдаланбағанымызды көрсетеді. Біз бірқатар дереккөздерді қайта басып шығару қажет болған сәтке келдік.

- 1577 жылғы «Титулярниктің» жаңа ашылуы және ерте кезеңде орыс-қазақ дипломатиялық байланыстардың қалай дамығанын қайта қарау.

Айтпақшы, менің түсінуімше, 1594 жылғы қазақ елшілігі туралы құжаттар кешені сол қалпы толығымен жарияланбаған. Бұл факт қазақ мемлекеттілігінің ерте тарихы туралы жазбаша куәліктердің нашар сақталуы аясында біртүрлі болып көрінеді. Бұл ноғай елшілік кітаптарына да қатысты. Жазбаша куәліктердің жеткілікті саны болмаса, зерттеуші бір қарағанда магистралды желіге қатысы шамалы бүйірлік сюжеттерді талдай отырып, ақпарат алуға мәжбүр. Айтпақшы, бұл тәсілді мен кітапта бірнеше рет пайдаландым.

- Ораз-Мұхаммед және Исиней Мұсаитов сияқты тарихи кейіпкерлердің өмірбаяндарын толық талдау біздің қоғамдарымыздың өзара араласу тұрғысынан олардың ортағасырлық тарихын тану мүмкіндіктерін кеңейтуге қаншалықты ықпал ете алады?  

- Соңғы жылдары Ұлы Пётрдің заманына дейінгі Ресейдің түркі халқын, орыс-сібірлік қарым-қатынасын зерттеу бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Ал орыс-қазақ проблематикасы іс жүзінде талап етілмеген болып шықты. Қазақ хандарының «ақ патшаның» бодандығына айналуға ұмтылғандығын немесе керісінше, Мәскеу үшін қазақ бағыты қандай да бір уақыт аралығында басты болып қалғанын дәлелдеуді мақсат еткен жекелеген маргиналдық зерттеулерді шетте қалдырамыз. Ал осы жеке жағдайсыз біз бұрын кім болғанымызды және қазіргі кезде кімге айналғанымызды түсіну қиын. Өткеніміз бізге әбден бүлінген пазл болып, яғни тұтас емес құрамдас бөлігі түрінде жетті. Кейде орын алған оқиғалардың үлкен жиынынан бізде тек бір-екі элементтері ғана болады. Сондықтан өзіміздің өткенімізді және қазіргі өмірімізді түсіну үшін кез келген мүмкіндіктерді елеусіз қалдырмауымыз керек. Оның ішінде өзгелерді тану арқылы өзімізді тануымыз қажет.

- Біршама дилетанттық реңкті бар сұрақ қоямын: орыс тарихында із қалдырған Ораз-Мұхаммедтің және басқа да шыңғысид Симеон Бекболатұлы Касимовскийдің өмірлік жолдарының қиылысуының қандай да бір дәлелдері жоқ па?

- Сіз өзекті – кем дегенде мен үшін – сұрақ қойдыңыз. Мәселен, мен қазір Саин-Болат/Симеон патшаның осындай күрделі өмірін зерттеумен айналысып жүрмін. Бұл жерде де Ораз-Мухаммедке қатысты сияқты тарихи куәліктер жетіспеушілігі мәселесі бар.  

Ресей тарихының осы екі кейіпкерлерінің тікелей кездесуі туралы естеліктер мен ескертулер жоқ. Дегенмен осындай кездесулер болуы мүмкіндігін толығымен жоққа шығармаған жөн. Мұндай оқиға Лжедмитрийдің  патшалығы кезінде ғана орын алуы мүмкін көрінеді. Осы екі патшаның жақын қоршауындағы адамдардың өзара қатынастары жөніндегі фактілер де бізде жоқ.

- Неліктен Ораз-Мұхаммед өзінің тарихи отанына – қазақ даласына оралудан бас тартты? Сіздің ойыңызша, бұл бір қарағанда қисынсыз әрекеттің негізінде не жатыр? Әлде оның әрекеттері әбден түсінерлік пе?

- Ал ол қазақ даласын өз Отаны деп санады ма? Келісемін, біршама арандатушылық нәрсе сияқты естіледі. Бірақ Ораз-Мұхаммед қайда дүниеге келді және оның балалық шағы қайда өтті? Егер менің құрылыстарымнан шығатын болсақ, бұл Үлкен Ноғай Ордасы. Әкесі қайтыс болған кезде қазақ патшасының туыстары қайда болды? Біздің қолымызда бар құжаттарға қарасақ, патшаның және оның анасының, әпкесінің, әжесінің тағдыры оларды аз алаңдатқан. Неліктен Ораз-Мұхаммед, Онданның анасы мен әйелі Сібірге кетті?

Ақыр соңында шыңғысидті қазақ даласында не күтті? Өз туысқандарының жанындағы арамтамқтың рөлі ме? Тіпті оған өз ұлысын бөліп берсе де, өзіне берілген адамдарды өзінің адал қызметшісіне айналдыру қиын болар еді. Ресейде патшаның ұлын тек қана шыңғысид болған фактісі бойынша оған тиесілі молшылық пен байлыққа бөлейтін өмір күтті. Мәскеу патшалығындағы өз тағдырын ол есептей алды, ал Қазақ хандығында ондай мүмкін емес еді. Барлығын нөлден бастау оңай емес. Ораз-Мұхаммедті бұл тұрғыда тек казак болып жүрген шыңғысшы ретінде қарастыру керек. Бірақ сіздің қойған сұрағыңыз басқа мәселені қозғап отыр. Біз қазақ даласында қарастырылып отырған уақытта не болғанын нашар білеміз. Ал егер біз оны білмесек, онда бізге: 1) қазақ-Сібір қарым-қатынастарының табиғаты неде; 2) Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасы халқының өзара іс-қимыл деңгейі деген сұрақтарға жауап беру қиын.

- Сіз жалпы алғанда Ресейдегі Аласапыран заманының саяси тарихындағы түрік факторын қалай бағалайсыз немесе сипаттайсыз? 

- Мен ұсынылған сұрақты біршама күрделеттім: көп ұлтты Орыс мемлекетінің құрамына кірген татар, мордва, чуваш, башқұрт және басқа да христиандық халықтардың ресейдегі Аласапыран заманындағы қайғы-қасіретті уақиғаларына қатысуды қалай бағалауға болады? Елде азаматтық соғыс болып жатты. Қорқынышты соғыс. Ол барлығын, дерлік көпшілікті қозғады. Тіпті Сібір татарлары сол кездегі процестердің қатысушылары ретінде аталады. Осы жылдар ішінде көптеген адамдар әртүрлі лагерьлерде болып, көп нәрсені көріп, сезінді. Нәтижесінде олардың барлығын «жер ісінің» жалпы идеясы біріктірді – сені сыртқы және ішкі қатерлерден қорғай алатын күшті мемлекет жағдайында ғана аман қалуға болады. Бірақ бұл үшін белгілі бір құрбандыққа бару керек еді. Бұл тұрғыда барлық халықтар бірге болды. Сондықтан, «түркі факторын» ерекше бөліп көрсетудің қажеті жоқ.



camonitor.kz

фото: camonitor.kz

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...