Щучинскідегі өртке байланысты ведомствоаралық комиссия құрылды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
519

Щучинск қаласындағы дәмханадағы жарылысқа қатысты ТЖМ жанынан ведомствоаралық комиссия құрылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Комиссия құрамына 5 министрлік пен облыстық әкімдік өкілдері енді. Олар оқиғаның себеп-салдарын анықтап, мұндай жағдайлардың алдын алу шараларын әзірлейді.

Еске салайық, қаладағы дәмханада газ баллоны жарылып, 7 адам қаза тапты, оның бірі – кәмелетке толмаған қыз. Қаза болғандардың барлығы – қызметкерлер. Соңғы мәлімет бойынша, 28 адам зардап шекті.

Қазір 10 науқас жансақтауда, тағы үшеуі травматология және хирургия бөлімдерінде ем қабылдауда.

СПОРТ

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жүлдегері Ислам Байрамқұлов мәнерлеп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның 15 облысында 30 мамырда қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, де...