Лев ТолстойАударған Р.Нұрғалиев"Мен сізге айтам, кімде-кім әйелге телміріп, тесіліп, көзін саты...
Мацуо Басё. Ұйқыдағы көбелек
Басё. Мацуо Басё. Хайку поэтикалық жанрының қалыптасуында маңызды рөл атқарған жапон ақыны. Оның қаламынан шыққан туындыларынан күллі жапон халқының құстар мен гүлдерге деген махаббатын, табиғаттың әр мезгілін сезіне білетін ұлттың үлкен бір жүрегін көруге болады. Сакуралар мен хризантемалардың жұпары аңқыған хайкулар сіздің де жүрегіңізге көктем ұялатсын. "Мәдениет порталы" Басёнің хайкуларын қазақ тілді қаламгер Роза Аспанқызының тәржімасында оқырман назарына ұсынады. Мархаббат!
«Жүрегіңнен шашыраған жарық сөнгенге дейін ғана Жазу керек!»
Мацуа Басё
***
Досымның қураған бағында
Ол мұнда бұрын қауын өсіретін.
Ал бұл бақ қаңырап қалғалы қашан...
Бақты кезіп жүрген кешкі жел ғана.
***
Сапарға аттанып жатқан Досыма
Құстары тәрк еткен ұя.
Көршімнің ешкімсіз үйіне көз салу –
Енді бәрінен ауыр.
***
Батыс өлкелеріне кеткен Досыма
Батыс немесе Шығыс –
Барлық өлкенің қайғысы ортақ –
Күн суытады бір күн.
***
Шексіз алқаптар үстінен –
Жердің тартылыс күшіне тәуелсіз –
Құстар ән салып өтіп барады.
***
Шие гүлдерінің бұлттары!
Қоңырау дауысы естілді қазір
Уэнодан немесе Асакусадан?
***
Әй, қойшы бала!
Өзіңнің қамшыңнан артса
Өрікке де бірнеше бұтақ қалдыршы.
***
Мен шарап іштім.
Тек онан да жаманы – енді ұйықтай алмаймын,
Түнде қар жауады дейді...
***
О, ояншы, ояншы енді!
Менің ең жақын досыма айнала гөрші –
Ұйқыдағы көбелек.
***
Олар жерге қайтып келеді,
Көне тамырларына оралады олар –
«Гүлдердің жалғыздығы»
***
Гүлдер қурап барады.
Гүл дәндері атырапқа төгіліп жатыр
Құдды көз жасы ма дерсің...
***
Ақсақал Ду Фу
Құйынды сақалымен көтеріп,
Кеше күз келді деп ән саласың...
«О, сені дүниеге әкелген кім екен?»
***
Ағаш белін бүгіп, терең ұйқыға кеткен.
Меніңше, бұтағындағы бұлбұл –
Оның ешқашан көз ілмейтін жаны.
***
Түнгі тыныштық.
Тек қабырғадағы картинада ғана
Үздіксіз қоңырау соғылып жатыр...
***
Хризантема мерекесіне орай
Менің жалғыз саятшым!
Күн батты – кенеттен саған шараппен
хризантема күлтелерін жолдады Ол...
***
Жапырақтар құлады...
Әлем тек бір түске боялған сынды.
Тек желдің жаны байыз таба алар емес.
***
Шық тамшылары жарқырайды.
Тек оларда қасіреттің дәмі бар –
Ұмытпашы осыны.
***
Досымның суретіне
Бұрылып қарашы маған.
Дәл мынау мұңлы бір кезде
Мен қатты сағындым сені.
***
Күздің де соңы келді
Болашаққа сенетін жалғыз ғана –
Жасыл мандарин.
***
Ақ шаш құлады жерге.
Менің төсегімнің астындағы
Жәндіктің демалатын ойы да жоқ сынды.
***
Алқаптардағы хризантемалар
Айғайлап жатыр: «Қалампырлардың ыстық күнін
Ұмытыңдар енді...»
***
Жат жерде қайтыс болған Досыма
Сен «оралшы, Гүлім» дедің.
Сондай мұңлы еді сөзің... ең мұңлысы –
Қабірдің үстінде жатқан Фиалкалар еді.
ақын