Джорджоне. Үш философ. 1505-1509 жылдарФилософия (қазақша пәлсапа) - дүниеге көзқарастың ғылыми-теор...
Сұраған Рахметұлы. Матриархаттың машақаты
«...Мен қазақ қыздарына қайран қалам!?» Исрайл Сапарбай ақын ағам осылай деген. Қайран бабамның арқаулы ұрық-жұрағатын алтын құрсағына сақтап, ықылым заманға ұластырған ұлт ұмайлары. Кім дерің бар ма!? Түгелі. Ханшайымнан қарапайым күңге дейінгі ошарлы жұрттың ошағына түтін тұтатқан, жатыр жәннатынан нұр шуақтар шашқан жарты жаратушы. Ана – табанының астына жұмақ жамыратқан жаратылыс ұмайлары! Көп аналардың есімдерін тізуге болар еді... Кешегім — ертегі мен аңызға, бүгінім — лайықсыз мазаға, ертеңім — ешкімге маңызсыз тұманға батады. Темірхан Медетбек ағаның «Базарға барғым келмейді...» деген болуы керек бір образға тұнған өлеңі бар-ды. Қара қазақтың азабын шерткен жан айқайы! Қазақтың бүткіл бұла жұртының тең жарымы ең жабайы капиталистік үлгідегі қара базардағы майданда арбакеш-дүр.
Қарабазардан Ханшатырға дейінгі аралықта қазақтың қисапсыз қыздары қона, түней жанұшырып алашапқын, құлдық сыпаттағы шаруабастылықта!?
Арқасына атан түйенің жүгін артқан аруаналар таң сәріден базарға қарай аңыратады! Тынымсыз азапты кібіртік тірлікпен! Ұстараның жүзінде жүрген қыздарды босағаға мүлдемге ұмытқан төр. Олар қыздарды тірі мәшине, күйсіз күң деп ойлайтындай! Қолына кітап ұстап, елдің ертеңін тербетіп ұрпақ санасын хаһи тәңірлендірер жандардың табанында сыз, қабағында мұз бар әлі күнге!? Олар ең сапасыз білім, ең алалағыш, әділетсіз жұпыны, тапатауырын білім жүйесінің «өнімдері».
Кедей отбасының өспірімдері, соның ішінде қыздардың білім алу еркіндігі қанымсыз, сапасы өте төмен. Олар сабаққа кірген бетте әділетсіздік әбден меңдеткен білім берудің жүйесіз құрылымның құрбаны болады. Жылап жүрген жанға күле қарап өтетін есуас қоғамның ішкі ызғары нәзік жандыларды үнсіз күйрете береді.
Жатырына ұлттың тінін жасырған жас жұбайлар тек бұғат астындағы бұқпанда алуан арпалыспен күн кешеді. Бірақ, түбінде өкіметтен ешбір жәрдем тілемейтін осылар ғана табыс биігіне шыға алады!
Жарлы жарымының жағалайтыны зілділердің иелігендегі мүлгін қонақ үйлердің күлгін тоятханасы! Гаремдегі тұтқын күңдердің өміріне ұқсас!? Өз жұртында өзіне қарата қасірет сыбағалаған қайрандар! Бұлардың тірлігі тек уақытша ғана! Бәрі кейін қалар!
Түгел елдің түбінен түгесілгендердің көбі отызға дейінгі өрімдей жас уыз бұрымды бойжеткендер! Өзінен үзіп өмір, өзегінен жұлып өсім беретін кезі... Мүмкін соңғы кезде өршіп бара жатқан психологиялық ауытқулар да осы қағынған жатырлардың кесірлі «кеселінен». Әлдебір тұлғаның атындағы көшеде тізіліп тұрған шолақ етектілер, аборт жасап ақша табатын шошқалардың көрінісі жаңа этноцид дерті!
Қазан төңкерісінде қырылған 1,5 млн қазақ, 1920 жылдардағы этноцид, 1930-1933 жылдардағы геноцидке кеткен 3 млн шейіт, 1945 жылы өзгенің жеңісі үшін жер болған мыңдаған (нақты саны 156,000-800,0 мың) боздақтардың өтеуін беретін аналар ғой бұлар!? Жесір мен жетімнің азабын тартқан аз ұлттардың маңдай алдында қазақтар тұр! Қазақ бүгін қауіп пен агрессиялар қайшысының өткір жүзінде тұр!
Еркек бар – азамат жоқ болып барады. Түгел жерлерде!
Қыздарды алып қашады, бала-шағасымен шулатып қайтара қаңғыртып тастайды. Неке немқұрайлы, ажырасу деген арамнан арзан. Айдың аманында еш кінәсіз тастанды жетімдер зар жұтып өседі. Есесіне мынау ғайыпи өмірге тойымсыз, мәйексіз, қорқақ, сенімсіз, тілсіз, ділсіз, тінсіз тобыр қоғам орныққандай... Олай болса ол — сол бір зардапты кінәрәтті заманның жұғыны. Тілден адалану да соның ұшығынан екен!
Жуықта ғана ғарышкер Айдын Ақанұлы Айымбетовтің анасы теле сұқбат берді. Нағыз кемел қазақы ана! Ал, емшек сүтімен емізген баласының тілі кімдікі!? Аспанға атылып бара жатқанда «анашым!» деп айта алмаса!? Қазақша сұқбат алуға талпынған қазақ тілшісін Талғат Мұсабаевтың өзге тілде «түйіп жібергенін» көрдік!?
Қазақтың ғарышты зерттеу Аэроғарыш орталығы немесе ғарыш экономикасына қатысты күллі ғылыми технология, жетістіктерінің бәрі дерлік өз ана тілінде өркендеуін тілемейтін қазақ, тіпті өзге бірде бір ұлт болмауы керек!?
Біз кейде ана тілден ада мақұрымдардың сыртқы қабығына қарап «қазақ» деп алданып жүрген жоқпыз ба!?
Ұлы ақын Ұлықбек Есдәулеттің «...өрт шалған таудай жаралы тілім...» һәм «...қымыз бен жусан аңқыған...» өлеңіндегі бұла кие тіл!
Құрсақтағы жасуша жылауықшаның тоғыз ай бойы болашақ ұлттың ұрықы есебіне торайып толысатыны жаратылыс заңдылығы саламатта бар ма!? Жатыр ~ хромосомалық қасиеттерді жасайтын орны (органоид). Ұрықынан гені таза, уызынан жарығандардың тектік коді осы орында!?
Көшелерде түп тамыры, бүткіл тағдырымен ұмытылған осы өрім қыздардың өңірінен құлап түскен шақалақтарды қоқыс күресіннен табуға ешкім таңданбайтын болды. Қазақ болашағын күресінге тастау үшін ел құрап отыр ма!? Жан санының демографиялық пайыздық өсімі екі-үштен аспайды һәм осы сан цифрға әрең жетеді. Өз ұлтын өлердей жек көретін кісәпір дүбәра шенеуніктердің алтын кілті аспанда. Күн құрғатпай құрықталған жемқор, қомағай шабақтар! Экономикалық бойкүйездік, төремінезді билік, есалаң мафиози алыпсатар саудагер, жұмыссыздық, еңбек өнімінің құнсыздығы адырап, аздырып барады! Баспанасыздықтың кесірінен ең жайсыз жұпыны басқалқасүрейді паналағандар һәм отбасымен өртке шыжғырылған бейкүнәлар!
Келешегінен күдер үзген, күйезді, үмітсіз қарттар күніұзын Үндінің «Кекеш келініне» телміріп үй қамақта отырады дейік!
Қазақ қыздары сәбеттік мазақы теперішті топас кіназдардан есе артық еді. Ең бергісі макроэконмиканың микроесебін осылар жамап-жасқасатын~ды. Тұрмыстың жыртық тесігін жамап, көбінесе импортқа тәуелді одан, бұдан үйіп, төгіп енгізе беретін халыққолды тауарлардың тірі күзетшісі осы жансебіл, төмен етекті ұрғашылар! Қосымша құн өндіруші – көшпелі қауымнан ұласқан бүгінгі қазақ әйелдері емес пе еді!? Тек мал сүтінен бес жүзден астам тағамды жасай алатын «тірі қондырғы, шағын өндіріс» – қазақ әйелдері!
Қазақтың әр түтінінде отандық шағын өндірістер жұмыс жасайды.
Пассив пен активтің теңдігін ұқыптаушылар кеше де дәл бүгін де қазақ отаналары ғана!
Дүниені дүрілдеткен ұрғашылар көп. Ел бастауға қабілетті деген кеппен айтсақ... Германияның канцлері Ангела Меркель темір ханша халқының алқауына бөленді. Керемет кемел патшайым! Мұндай қыздар қазақта да бар. Әйтеуір қара базарда немесе қарапайым бір жерде жүруі аян. Ғаламда не жоқ, тежеусіз қорқаулары да жететін усойқы елдер көп әрине. Мысалы Мьянмар (Бирма) деген бір түкпірдегі тайпа ел тұрады. Президенті Ауын Сан Су Сиг есімді ұрғашы, Нобельге еге Дөй тайпасының шәмашағы еді... Сол қатын өз елін оңбай былықтырды. Елдің зығырданы қайнады. Ақыры оны шеріктің күшін салып бір хунта генералі аударып кетті! Генералдың есімі: Мен Ауын Қылайын!
Жаратушы ием жалпы қазақты осындай оқыс, оспалар жағдайдан сақтағай!
Бір қауым жұртым тақыр кедей, бір қауым ерлерім жатыпішер жалқаумыз. Осынау азғантай төбел тобырдың бір тобы ұртынан май аралас қан аққан ұры, көзінен сора аралас жас аққан бейбақ. Осынау осапдар түйткілді тұста бүткіл әулет, бүтін әлеуметті асырап жүргендер осы қыздар.
Аспан астындағы қытай жуықтан бері ғана 99 млн отбасын кедейліктен құтқарды деп жар салып жатыр. Басқа елдің ерлеріне тұрмысқа кетпесін дейміз. Хош! Тақаршылық, азғындық, ұлтсыздану деген зұлматтың салдарынан өзгенің етегіне мәжбүр болу басымырақ.
«... Арқадан арқар аумас-ты ауқат азығы болса егер...». Орташа жалақы мөлшері ең кемінде 5-6 мың долларға жетсе, кімдер кетпек мынау пейіштей ғажайып қазақтың жерінен!? Жан басына шақандағы ЖІӨ кемінде 15 пайызды құраса!?
Қазақта тым құрығанда 99 мың отбасын кедейліктен құтқарса құп емес пе!? Құдай берген мұнайлы елде мұндай құдайы мүміндіктері болуы керек. Құтырған құн, құныққан ашкөзділікті құрықтаса ғана... Қазақстанда жалпы өзге елдерге төлейтін қарыз мөлшері 161 млрд долларға тең дейді!? Солай да шығар!? Үкіметке тиеселісі қанша, жеке тұлғалардың былықтырғаны нешеу екенінде шаруамыз болмаса керек!? Оны да құдайға тапсырайық!
Жылына 61 млн тонна мұнай экспорттайтын ел үшін бұл цифр ештеңе емес секілді. Бір қарағанда... Бірақ, сол несиенің несібесі қарапайым жарымбақ жандардың үмітін күйттеуге жұмсала ма!? Әлде!?
Мұнайдың баррелі (1 баррель=134,6 келі) деп шамаланса 31,5 млрд долларға тең пайымдық шамамен! Мұнай – құдайдың сыйы. Қазақия – қазақтың анасы! Қойнынан алтын саулаған, құрсағында құдай берген мұнайы бар – Еланасы қазақ жері! Ендеше бар байлық әйелдерді егіздетуге, байларын нағыз еркектік негізгі күйітінде сақтауға арналуы керек секілді.
Чехиялық Чапектің ойлап тапқан шөпегін робот дәуірі дейді!
Құлтемір «адам» өсім бермейді, ол тірі жанды өркениетті түгел жұтады!
Қазақтың жан саны орта есеппен 35-100 млн-ға жетуі керек. Өйтпейінше Қазақтың түгел аумағы һәм 272 млн га жерге иелік етуі екіталай! «Қазақсыз Қазақстан» жасаудың (Мағауин) жағымсыз әрекеттін доғару тура.
Қазақ қыздарының бағын түгел айпара аша алмаса да олардың табиғи заңды туу бақытын байламауы – креатив!
Соңғы кезде трико киген еркектер пайда болды. Еркектің затсыз ұрғашылануының ең бергі сұрқы. Оның үстіне Цой деген шенеунік трансжендерлікті жақтап, гей, лесбиянка жыныс ауыстыруды қоңырсытып көсей бастады. Цойға «қой» дейтін билік балықтай үнсіз!? Көрмегенге – көсеу таң! Әкелерді әтектеудің сұрқия әдісі осы мінеки! Егер осындай қорлау мен ерсілік күшейе түссе – қазақта қызтекелер шексіз көп пайда болады. Бұл этноцид апаты! Бұрын тілін кестірген ел енді тәнін кестірсе не болмақ!? Бұл батыстық дербез! Әлеуметтік қыруар мәселелер түгел шешімін тауып, енді жалғыз ғана ер мен әйелдің «күнтимесін» кезекке салар шаруа қалған болса жөн!
Оның үстіне «неке келісім шарты» деген мүлдемге әсіребатыстық арапшы қылық көріне бастады.
Бұдан гөрі көп қатын алуды қатаң заңмен рұқсаттау да дұрыс секілді. Ұлы Шыңғыс қаған 500 әйел, Абылай хан 30-40 әйел алды деген аңыз айтылады.
Ұлыбритания Уэльсте 2014 жылы наурыздың 29 күні ұқсас жыныстылардың некесін заңды ету, транссексуалдық жыныс ауыстыру туралы заң қабылданып шіркеулердің пірадарларының наразалығын тудырғаны бар. Өткен 2015 жылы британдық кинорежиссёр Томас Джорж (Том) Хупердің транссексуал хақындағы «The Danish Girl» кинофильмі тұсауын кесті. Олимпиада чемпионы Брюс Женнер тәнін кестіріп Кейтлин есімін еншіледі!? Ал енді «Арыққали» деген жігітті әтектеп, кестіріп «Арықгүл», «Мақпал» деген қызды «Масабай» деп төлқұжаттауды елестетіп көріңіз!? Жаһанданудың жәһәнамдығы қазаққа тақап келген жат қылық еді. Бұны әсте құптауға болмайтын бәлекет!
Керісінше аналарға беретін бесік ақшаға немесе әкелерге белақы бір млн теңге қосымша қарастырса да артық болмас! Арабтардың таза қанды бір айғырына бөлінетін ақшаның үштен біріне ғана тең бұл қисап!
Михайл Булгаковтың «Ит жүрегі» (1925) атты шағын туындысы еске түседі. «Шарик» итке опатқа ұрынып өлген адамның жетім миын оталап берген дәрігердің «ғажайыбы»! Бұралқы «ноқай» Шариктің - «кісі» П. П. Шариков болуы немесе кісінің ит болуы емес иттің кісі болуы арасындағы трагедиялы оқиға желісі біртүрлі үрейлі кейіптеме еді!? Осыны ойлағанда түбі тегі жылқы қазақтың ит болмағы мүмкін емес.
Өркен мен адамның дамуы қатар болуы қарапайым ұғым. Патриоттық сана да өзгеше өрбуі һәм талап етілуі тиіс. Мысалы Жапонияда патриоттық тағзым мүлдемге адами мейірімге қарай бейім. Олар «Furusato» (Өскен жер) әуенін жүздеген жылдар бойы сағынышпен шырқатады. Өр Алтайдағы Қожыкен Шотайұлы деген сазгердің «Өскен ел» деген әні секілді керемет сағынышты әуен.
Біздегідей бір соғыста қызыл бес бұрышты галстук тағып, өз тілін білмей, өзге үшін жанын пида қиған көзсіз мәңгүрт қыздар туралы идеологиялық сарындағы әндер де әсте айтылмайды. Біздің ментальдық қасиетіміз де осыған ұқсас!
Атақты «Елім~ай», «Ағажай Алтай» секілді керемет сарындар қазақтың жанынан сорғалаған әуендері барда! Транссексуалдық күйге душар болып, Цойға ұятты жерін сойғызғандар Ұлы Тұманбай ақынның «Куә бол» әнін шырқады деп елестетіп көріңііз!?
ақын