Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» басталды

ӘДЕБИЕТ
1134

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әзербайжанның ғылым академиясындағы Орталық ғылыми кітапханасында «Қазақ әдебиеті апталығы» басталды, деп хабарлайды «Мәдениет порталы» «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы мәдениет пен ғылым саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары аясында 2021 жылдың 7 сәуірінде Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжанның ғылым академиясындағы Орталық ғылыми кітапханасында болып, онда аталмыш кітапхана директоры Мамед Алиевпен кездесті.

Тараптар кітапхана өкілдері ұйымдастырған, сәуірдің 7-сі мен 14-і аралығында өтетін «Қазақ әдебиеті апталығын» бірлесіп ашты. Шараның ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде М.Алиев бұл жобаның екі мемлекеттің мәдени және ғылым саласындағы екіжақты ынтымақтастығын нығайтуға елеулі үлес қосатынын айтты. 

Өз кезегінде Сержан Әбдікәрімов екі ел жастарының болашағы үшін білім, кітапалмасу және ғылыми зерттеулермен алмасу бағытындағы байланыстарды кеңейтудің маңызы зор екенін жеткізді. 

Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар кітапхана ісіне қатысты ғылыми-ақпараттық ынтымақтастықты белсендендіріп, осы бағытта ғылыми кітапханалар және Қазақстан мен Әзербайжанның мекемелері арасында тиісті келісімге қол қоятын болып уағдаласты.

Жаңалықтар

Шохан Уәлиханов - ешкім емес. Бұл туралы Жазушы, сценарист Перизат Мырзахмет "Кейде ойланам" подкаст...

Жаңалықтар

Белгілі сазгер, ақын Бақтияр Құрманайқызы отандан кейінгі жағдайын айтып, желіде жазба жариялады,&nb...