«Киелі табиғат» жобасы ел жастарының экологиялық сауатын көтеруді көздейді – А.Балаева

Жаңалықтар
2267

25 сәуір мен 25 мамыр аралығында бүкіл ел аумағында экологиялық айлық жалғасатын болады.

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Киелі табиғат» республикалық жастар акциясының ашылу рәсіміне қатысты. Жобаға еліміздің барлық аймақтарынан жастар ұйымдарының өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.

Нұр-Сұлтандағы Ботаникалық бақта барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуымен өткен акцияның басталу рәсіміне «Жас Ұлан», «Жасыл Ел» жастар ұйымдарының көшбасшылары, сондай-ақ астананың білім беру мекемелерінің жас белсенділері қатысты.

«Халқымыз үшін «тазалық» деген – киелі ұғым. Табиғатты аялау мен құрметтеу – халқымыздың қанында бар қасиет. Ата-бабаларымыз жас ұрпақты да «Бұлақтың көзін аш», «Көк шыбықты сындырма», «Өзенді ластама» деп өсірген. Алдыңғы буын үлкендеріміз – біздің үнемі осылай тазалыққа тәрбиеледі. Енді осы жақсы дәстүр сабақтастығын үзіп алмай, біз де ары қарай жалғауымыз қажет деп санаймын», — деді Аида Балаева қатысушыларға арналған сөзінде.

Оның айтуынша, болашақ ұрпақтың қалпы бүгін қоршаған ортаға қаншалықты ұқыпты қарап отырғанымызға байланысты, сондықтан  экологиялық сауат ашу — жаңа ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі. Министр табиғатқа деген қамқорлық қасиеттерді «Киелі Табиғат» секілді экологиялық акцияларда көрсетуге болады деп сенеді.

«Экологиялық ағарту жұмыстарына «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының 30 мыңнан астам мүшелері тартылатын болады. Бүгінгі акция арқылы Қазақстан жастарын табиғатты аялауға, оны таза ұстауға шақырамын!», — деді А.Балаева.

Атап айтсақ, 25 сәуір мен 25 мамыр аралығында бүкіл ел аумағында экологиялық айлық жалғасатын болады. Оның аясында барлық өңірде жастардың қатысуымен – өзен арналарын тазарту, аулаларды тазалау, ағаш егіп, гүл отырғызу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен бірге, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өскелең ұрпаққа экологиялық білім берудің тиімді әдістерін жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесінің жастар форумында А.Балаева БҰҰ елдерінің жастарын «Таза планета» атты акциясын осы жылы іске асыруға шақырғанын еске саламыз. Бүгінгі «Киелі Табиғат» іс-шарасында министр «Таза планета» акциясы миллиондаған серіктестерді тартады деген үмітін білдірді.

«Киелі Табиғат» жобасы аясында барлық аймақтарда эко-қозғалыстар құрылып, жастар арасында экологиялық мәдениет құндылықтарын насихаттау жоспарлануда. «Киелі Табиғат» ұйымдастырушылары жас қазақстандықтар арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру сүйемелдеумен практикалық жұмыстарды жүргізеді.

Әлеуметтанулық зерттеулер қазіргі кезде экологиялық мәдениет пен экотренд қазақстандық жастардың TOП-5 құндылық критерилеріне кіріп отырғанын көрсетіп тұр. «Киелі Табиғат» жобасы осы оң тенденцияны нығайтуды және дамытуды көздейді.

madeniportal.kz

author

Аида Балаева

ҚАЙРАТКЕР

Жаңалықтар

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың шағымына қатысты алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды m...

Жаңалықтар

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы жаңа кітапханалар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды madenipo...