«Ел жүрегі – Астана» атты үздік вайн байқауына қатысыңыз

Жаңалықтар
700

«Ел-шежіре» қоғамдық қоры Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ел жүрегі – Астана» атты үздік вайн байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты – Астана қаласының соңғы 20 жылдағы жетістігін вайнерлер арқылы көрсету. 

Байқауға Алматы қаласының кез келген тұрғыны қатыса алады.


ТАЛАПТАР:

– Вайн мазмұны белгіленген тақырыпқа сəйкес болуы тиіс.
– Вайнның ұзақтығы 60 секунд.
– Бір қатысушы ұсынатын вайндардың саны 5-тен аспауы қажет.
– Вайнның техникалық сапасы жоғары деңгейде болуы керек.
– Қатысушы вайнды 2018 жылдың 1-шілдесіне дейін Facebook, VK, Instagram әлеуметік желілерінде ашылған «Ел жүрегі – Астана» атты парақшаларға орналастыруы керек. Астына #Астана20жаста хэштегін міндетті түрде жазуды ұмытпаңыз.
– Сондай-ақ материалдар электронды түрде ұйымдастырушылардың электронды поштасына жолдануы тиіс. Материалдар мемлекеттік жəне орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – ағымдағы жылдың 1-шілдесі. Ұсынылатын материалдарға қатысушы туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, 3х4 см. суреті, ұсынылған материалдар тізімі қоса беріледі.


ЖҮЛДЕ:

– Бірінші орын – ноутбук.
– Екінші орын – планшет.
– Үшінші орын – смартфон.
Жеңімпаздар әлеуметтік желіде арнайы дауыс беру арқылы анықталады.


Біздің мекенжай


Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143/93, каб. 413,
тел. 3 94 42 91, 8747 271 08 95,
эл. пошта: degdarstudy@gmail.com

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...