Қарағандыда Қарақат Әбілдинаның музыка мектеп-студиясы ашылды

МУЗЫКА
3606

Қарағандыда Қарақат Әбілдинаның музыка мектеп-студиясының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов және облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов қатысты. Музыка мектебі қаланың Оңтүстік-Шығыс ауданында орналасқан. Оқу орны ҚР Президентінің жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы аясында ашылды. Студияға 4–12 және 12–16 жастағы балалар қабылданады. Мұнда олар фортепиано, домбыра, жетіген, қобыз және гитарада ойнауды үйренеді. Жас таланттар актерлік шеберлік, сольфеджио және хореография негіздерін үйренеді. Сондай-ақ, оларда тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен вокалмен айналысуға мүмкіндік бар. Сабақтар аптасына үш рет өткізіледі.

– Мен Қарағандыда өз мектебімді ашқаныма қуаныштымын. Себебі мен Жаңаарқаның тумасымын. «Қарақат» студиясында оқитын балалар болашақта еліміздің атын шығарып, эстрададан лайықты орын алатынына сенімдімін, – деп атап өтті мектептің негізін қалаушы Қарақат Әбілдина. – Оларға жарқын болашақ пен бақыт тілеймін!

«Қарақат» мектеп-студиясының жас тәрбиеленушілерін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов те құттықтады. Ол Сарыарқа әрдайым таланттарымен танымал болғанын атап өтті.

– Қарағанды өңірі әрдайым музыкалық дарынды адамдарға бай болды. Тарихқа көз жүгіртсек, Тәттімбет Қазанғапұлын, Күләш Байсейітованы, Жүсіпбек Елебековті, Қали Байжановты және басқаларды мысалға келтіре аламыз. Бүгін жарқын жұлдызымыз Қарақат Әбілдинаның мектеп-студиясын аша отырып, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың жан-жақты және шығармашылық дамуына зор көңіл бөлетінін, осындай бастамаларды қолдайтынын және балаларды оқытуға қаражат бөлетінін атап өткім келеді. Біз мектеп-студияның гүлденуіне тілектеспіз және мұнда оқитын балалар өмірде табысқа жетіп, Қазақстанның ғана емес, әлемдік деңгейдегі жұлдыздарға айналатынына сенімдіміз, – деді Абзал Нүкенов.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...