Көрнекті түрколог Ғ. Айдаровтың туғанына 100 жыл толуына орай халықаралық онлайн конференция өтеді

Жаңалықтар
1771

2021 жылдың 21 маусым күні Алматы қаласында Халықаралық Түркі академиясы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен көрнекті түрколог,  ғылымдарының докторы, көне түркі руна жазуының білгірі Ғұбайдолла Айдаровтың туғанына 100 жыл толуына орай «Түркітану тарланы» атты халықаралық онлайн конференция өтеді.

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде өтетін шараға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, көрнекті түрколог Осман Фикри Серткая, Әзербайжан Республикасы Парламентінің депутаты Низами Джафаров, Қырғызстан Манас атындағы университеттің профессоры Қоңқобаев Қадырәлі, Ресей Ғылым академиясы Уфа ғылыми орталығы Тарих, тіл, әдебиет зерттеу институтының ғылыми жетекшісі Фирдаус Хисамитдинова, ҚазҰУ Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры Жанғара Дәдебаев, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова, Ғ.Айдаровтың жары, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Балжан Сәмиғоллақызы, сонымен қатар ғалымның балалары, танымал ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысады.

Аталған  шара аясында, Ғұбайдолла Айдаровтың «Язык орхонских памятников древнетюркской письменности VІІІ века» атты құнды ғылыми еңбектің оқырманға таныстырылымы өтеді.

Конференцияға төмендегі сілтеме арқылы қатыса аласыздар:  https://us02web.zoom.us/j/89937162473...

Zoom ID: 899 3716 2473

Passscode: 102441

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Түркістан облысы Келес ауданындағы N8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің өзбек тілі...

Жаңалықтар

Қостанай облысында зауыт жұмысшысы зауыттағы бетон араластырғышқа құлап, қайтыс болды, деп хабарла...