Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы басталды

Жаңалықтар
584

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы басталғанын ресми түрде мәлімдеді. 

«Бүгіннен бастап бағдарлама іске аса бастайды. Екінші деңгейлі банктермен келісімдерге қол қойылды. Алматы, Астана, Атырау, Орал қалаларында алғашқы ипотекалық қарыздар берілуде», - деді Данияр Ақышев. 

Оның айтуынша, жаңа бағдарлама қазақстандықтар тарапынан баспанаға сұранысты арттырып, құрылысқы тың серпін бермек. 

Айта кетсек, ҚР Ұлттық банкі төрағасы аталған бағдарламаның операторы «Баспана» ипотекалық ұйымы болатынын 5 мамырда айтқан еді. 

Ұлттық банк бекіткен бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздар 7% жылдық мөлшерлемемен 25 жылға беріледі. Келесі шарттарының бірі - алғашқы салым 20% болмақ. Жаңа ипотекалық займдарды ҚР кез-келген азамат ала алады. Ол үшін ең басты шарт - адамның басында жылжымайтын мүлкі болмауы керек. Бағдарлама бойынша Қазақстанның кез-келген өңірінен Алматы, Астана, Атырау қалаларынан ең максималды 25 млн теңгеге, қалған өңірлерде 15 млн теңгеге баспана сатып алуға болады. 

Madeniet.kz

Жаңалықтар

Өскемен қаласының 27 жастағы тұрғыны ірі көлемдегі алаяқтықтың құрбаны болып, полицияға жүгінді, деп...

Жаңалықтар

Елдос Сметовқа берілген сыйлықтар мен көшесіне төселген жолға қандай қаражат жұмсалғаны белгілі болд...