«Қазақстанның 100 үздік студенті» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Жаңалықтар
1349

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «Тәуелсіздік — алтын тұғырымыз» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Конференция барысында «Жылдың үздік түлегі-2021» және «Қазақстанның 100 үздік студенті» республикалық конкурстарының жеңімпаздары марапатталды.

«Жылдың үздік түлегі-2021» республикалық байқауының талаптары бойынша үздік деп танылған 80 студент марапатталды. Оған қатысуға республиканың жоғары оқу орындарының 320 түлегі өтінім берді.

Сондай-ақ 2 300 адамның ішінен іріктеуден өткен «Қазақстанның 100 үздік студенті» байқауының 100 жеңімпаз студенті марапатталды.

Конференцияға отандық ғалымдар, ЖОО оқытушылары, докторанттар мен магистранттар, студенттер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өткізілді.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Халықаралық шай күніне арналған креативті видео әлеуметтік желілерде халықтың ризашылығына бөленуде....

Жаңалықтар

Семейде 33 жастағы әйелді көлікпен таптап кеткен, салдарынан ол қайтыс болды, деп хабарлайды madenip...