Бұл мақалада 1980 жылдардан бүгінге дейінгі қытай әдебиетінің күй-жайына талдау жасалады. Қазіргі та...
Әдебиет Жұманов. Икасай
Шедевр
– Айналайын, құтты болсын, мына тұсауы кесіліп, аттай шауып кеткелі, биіктерге сүрінбей жеткелі отырған... «Ата, – деп сыбырлады құлағына жанында тұрған жиен немересі, –мен ержетіп кеткенмін, бұл атамның тұсаукесері». «Бәлі-ай, атанның тұсауы кесілмеп пе? Әлгі әртістер сияқты қалтасы қомпиғанда ғана үйлену тойларын бала-шағасымен қосыла жасайтыны секілді, бұл қай сасқаны». «Жоқ, ата бұл ол кісінің жақында баспадан шыққан кітабының тұсаукесері»
– Айналайын, құда, құтты болсын! Мына тұсауы кесіліп, аттай шауып кеткелі, биіктерге сүріңбей жеткелі отырған немереңнің деп бұдан отыз жыл бұрын айтқан тілегім есіме түсіп кеткені, олай болса бүгінгі кітабыңның тұсаукесері құтты болсын!
Бұл алғашқы тілек иесі тоқсандағы Тойшыбай құданың игі тілегі еді. Сөйтіп кешіміздің шымылдығы ашылды... Сонымен ауылдық клубқа жан-жаққа көшкеннен қалған 90 үйдің тұрғыны жиналды. Кештің бас қаһарманы – Сылбыр Көшекұлы. «Мен өзім туралы жазамын немесе аудан әкімі Кең Пейілұлының қабылдауында болғанымдағы түйгендерім» атты су жаңа кітабының тұсаукесері. Ауылымызға өзі жақсы болды. Жылда осы Сылбырдың «шедеврлерінің» тұсаукесері өтетіндіктен, балалары клубты әдемілеп ұстайды. Жалпы саны 17-і кітабы шыққан оның аты, аудан демей-ақ қояйын ауылдастарының ауызында. Осы кештің жүргізушісі болғандықтан, Сылбырды жұртшылыққа таныстырып жатырмын (жылдағы айтылатын сөз болса да, тұрғындар үйреніп алған, әйтеуір бір жиналыс па бірдеме өтсе
болды оларға) «Аудандық мәслихаттың депутаттығына жеті рет үміткер, ауданның «Құрметті азаматтығына» сегіз рет кандидат, ауылдың бас белсендісі, 80-ге келсе де тұғырдан таймаған...» кете береді, кете береді. Жалпы оқылатын, яғни, оның мадақтау беті он сегіз парақ. Яғни ауылдастарының кітаптағы жазған алғысөзі. Оқи-оқи жағым да талды. Кейбір беттерін тастап кетейін десем аңдып отырған ұрда-жық ұлдарынан қаймығамын, өткен жылы осындай кештен кейін қаладан арнайы шақырылған асаба бір бетті тастап кетемін деп таяқ жеп қала жаздағаны да бар... Маңдайым тершіп, кеш иесін халыққа таныстырып шықтым-ау әйтеуір. Сегізжылдық мектептің бір-екі оқушысы бұдан екі жыл бұрын осы клубтаал-ғаш тұсауы кесілген: «Ауылдағы біздің жағдай немесе көк шөп жеген қара мал» деген Сылкеннің ән-жыр кітабынан үзінділер оқып берді. Келесі бөлім-де мен ақсақалдың бүгінгі шыққан, әлі сиясы кеуіп үлгермеген жаңа кітабына көштім. Ауылдағылардың біразы аудан әкімінің қабылдауына барып, тек Сылбыр Көшекұлының жолы болып ішке кіріп шыққан екен. Осы кітапта соны қамтыған, оқып тұрмын: «... аудан әкімі Кең Пейілұлының қабыл-дауында болғанымды өзім үлкен мәртебе санаймын! Ол – Атымтай жомарт, ауданның атын облысқа паш еткен іскер, жүрегі адал...», жалпы мадақтауды оқып біткенше алдыңдағы асқа мұз қатады. Оны да оқып шықтым-ау... «Кен Пейілұлы маған он пайыздық жеңілдікпен он тонна көмір бергізді, ол ақкөңіл, (тағы мақтау, бұл жолы төрт-ақ бет) сонда онды-онға көбейтсек маған көмірдің тегін келгені ғой»...
У-ф, әйтеуір бітірдім ғой.
«Сылбыр Көшекұлы, мынауыңыз нағыз «шедевр»! Мемлекеттік сыйлыққа ұсыну керек!» деп кешті аяқтадым. Үлкен ұлы жетіп келді: «Қандай сыйлық ол біз білмей жүрген, ертең сонда хат жаз, әкемнің бүкіл кітабың жібер, алмаса да Мемлекеттік сыйлыққа үміткер деген ат болсын!». Сылбырды кілемге отырғызып алған ауылдықтармен бірге үйіне қарай бара жатырмыз, бұл уақытта жылқы мен сиырдың еті екі қазанда бүлкілдеп пісіп жатқан болатын...
Икасай
Ауылға бір топ делегация келді. Жәй келген жоқ, аталарын іздей, үміттерін үзбей келді. Артынып, тартынып алып ескерткішті тией жетті. Сонау кеңес заманында картаға түскен жер-су аттарына зер салған ғой. Сөйтсе, ауылдағы бірнеше сай-сала атауы орысша жазылып кеткен екен. Соның бірі «Икасай» дүр. Соны қазақшалап әкелген «Ықы» батырдың үрім-бұтағы осында жүр.
Далаға он шақты киіз үй тігілді. Союға әкелінген екі жылқы мен бір сиырдың тізесі бүгілді.
– Айналайын, атам-ау. Жылдар бойы іздедік қой сені. Енді міне, «өшкеніміз жанып, іздегеніміз табылған» күнге де жеттік. Халайық, Ықы батыр бұдан бес ғасыр бұрын сыртқы жаумен шайқаста қаза болыпты. Атам-ау, атам, – деді, өзін Ықы батырдың он бесінші ұрпағымын деп таныстырған Бәкібай шал. Ортаға сөзге шешен, кәсіпкер, миллионер деп сөз берген Қиқым Сиқымұлы шықты да төгілді дерсің.
– «Елім, жерім» деп айбалтасын қолына ұстап, қайқы қылышты беліне байлаған қайран атам. Ұрпағың сені, сен бізді тапқан күн. Тамыры тереңге тартқан Ықы батырдың он алтыншы бұтағы ретінде, өзі4е арнап халықаралық конференция өткіздірттім. Талай тарихшы өмірі аттың үстінде өткен өзің туралы мақала жазды. Ортамыздағы ақын ағамыз... (есімі еске түспеді-ау, ойланып тұрып қалды) «Ықы батыр» деген поэма жазып, өлеңмен ескерткіш қойса, біз сені ұлықтап тасқа бейнеңді қалдырмақпыз. Ол осы өзің келіп, жан-жақты бағдарлаған сайда тұратын болады. Атам, атам, атам-ау, – деп көзіне жас алды. Мерекелік бағдарлама әзірлеп келген меймандар, тойды қыздыра түсті. Қыз қуу, көкпар, бәйге, қазақ күресі бәрі өтті. Алтыбақан құрылып, сыздықталып ән шырқалды. Табақ-табақ ет желінді. Құйылған қымызда есеп жоқ.
– Е, е... – деді ауылдағы Шүкір ақсақал, немересіне қарап – Бұл, сайдың аты «Икасай». Өткен ғасырдың 60-70 жылдары ауылдың көркі қызып тұрғанда, Ика деген жігіт болды. Ол бәтшағар әлі де бар. Қалада тұрады. Шын аты Игілік пе, Ерлік пе солай еді. Ол уақытта қыздардың есімі Гүлден басталса Гуля, жігіт кіндігінікі Қ-дан басталса Коля болған заман еді ғой. Бірде осы сайда шөп шауып жүргенде, Иканың тракторы шоқ шашып, далада өрт болып әжептәуір шулап едік. Ат қойғыш халықпыз ғой, бұл жер «Ика өртеген сай» атанып кетті. Кейін «өртеген» дегені түсіп қалды. Картаға тіркеушілер келіп сай-сала, өзен-көлді тізгенде осы атпен жазылып кетті...
– Ата, мына кісілерге шындықты неге айтпайсыз?
– Оларға шындық керек пе? Керек болса, сырттан тон пішпей, бірден ауылдағы бізден сұрап алу керек еді. Қайтесің, уақыт түзер қатесін.
Бұл уақытта 20 тонналық кран алып ескерткішті тұғырына қондырып жатқан болатын.