Суретші Марк Ротко жайлы фильм түсіріліп жатыр

КИНО
2043

Оскар сыйлығының иегері, актер Рассел Кроу абстракционист суретші Марк Ротко туралы «Ротко» фильмінде басты рөлде ойнайды, деп хабарлайды «Мәдениет порталы» The Hollywood Reporter сайтына сілтеме жасап. Жоба режиссері - Сэм Тейлор-Джонсон.

Фильм Ли Селдистің «Марк Ротконың мұрасы» кітабы бойынша түсірілетін болады. Онда суретшінің қызы Кейттің (Эшлинг Франчози) әкесінің туындылары үшін Нью -Йорктің жемқор элитасына қарсы күресі туралы баяндалады.

Фильмде, сонымен қатар, Майкл Стулбарг, Джаред Харрис және режиссердің күйеуі Аарон Тейлор-Джонсон да ойнайды. Мұнымен қоса, түсірім тобына Логан Лерман (продюсер), Джефф Кроненвет (оператор) және Колин Этвуд (костюм дизайнері) кіреді.

Айта кетейік. «Ротко» фильмінің түсірілімі 2021 жылдың жазына жоспарланған болатын. 

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...