Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты...
Бенджамин Франклиннің афоризмдері
Франклин Бенджамин — американ ағартушысы, мемлекет қайраткері, ғалым. 1729 — 1748 ж. “Пенсильвания газетін”, 1732 — 1758 ж. “Кедей Ричардтың альманахы” жылдық журналын шығарды. Филадельфиядағы ағылшын отарында алғашқы көпшілік кітапхананың (1731), Американ философиялық қоғамының (1743), Филадельфия академиясының (1751) негізін қалады. 1737 — 1753 ж. Пенсильвания почтмейстері, 1753 — 1774 ж. бүкіл Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларының почтмейстері болды. Франклин 1754 ж. Олбандағы отар өкілдерінің бірінші конгресін шақырудың бастамашысы болып, онда отарларды біріктірудің жоспарын ұсынды. 1757 — 1762 және 1765 — 1775 ж. Лондонда Солтүстік Америкадағы отарлардың уәкілі болды. Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік жолындағы соғыс (1775 — 1783) басталысымен отанына оралып, америка халқының күресіне белсене қатысты. Сонымен "Мәдениет порталы" Бенджамин Франклин қанатты сөздерін оқырман назарына ұсынады. Мархабат!
***
Қолғап киген мысық тышқан ұстай алмайды.
***
Қызметкерлердi қадағаламау дегенiмiз оларға әмиянның аузын ашық қалдыру деген сөз.
***
Шаруақорлықпен қарау екi қолға қарағанда көп бiтiредi.
***
Ақтала бiлудiң шеберi басқа нәрсеге шорқақ болады.
***
Көру жеңiл, болжау қиын.
***
Күнделiктi iзгiлiктiң 13 принципi: ұстамдылық, көп сөйлемеу, тәртiп, батылдық, әрекетшiлдiк, ашықтық, әдiлдiк, құнттылық, сабырлылық, тазалық, байсалдылық, пәктiк, қарапайымдық.
***
Егер сен өзiңе әрқашан жағынғанды қаласаң, онда өзiңе-өзiң жағымпаздан.
***
Таңсәрінің аузында алтын бар.
***
Шаршау — ең жұмсақ жастық.
***
Жалқаулық кез-келген істі қиындатады.
***
Егер қыздың кемшіліктерін білгіңіз келсе, оны құрбыларының алдында мақтаңыз.
***
Кішкентай жау болмайды.
***
Ғұмырыңды ұзартқың келсе, тамақты аз іш.
***
Өркөкіректер өзгелердің тәкәппарлығын жек көреді.
***
Уақыт - ақша.
***
Ең жақсы инвестиция — білімде.