Қазақта ар, ұят әрдайым құнды болған

ТАНЫМ
3054

Қазіргі қоғамда болып жатқан жастарымыздың түрлі бейбастақ әрекеттері, ұятсыз қылықтары, үлкенге құрметтің азаюы, ажырасу, балалардың жетім қалуы, жемқорлық және тағы сондай мәселелері жайлы айтамыз. Күресеміз дейміз. Бірақ оның себебі қайда?

Түп-тамыры қайда? Осындайға жеткізуге не себеп болды?

Бұл бір рухани кесел болды.

Дерт дендеп, ұрпағымызға кесірі тимесін десек, қоғамды рухани сауықтыру керек.

Жас ұрпақтың бойына ар, ұят, намыс, кісілік сынды қасиеттерді бала кезінен сіңдіру керек.

Қазақта ар, ұят әрдайым құнды болған.

Арды жасынан сақтау, ұятты, намысты бәрінен биік қоюға тәрбиелеуіміз керек!

Қазақтың бойындағы, қанындағы ұйықтап жатқан нәрсені ояту керек!

Оның бір -ақ жолы бар! Ол - ұлттық құндылықтарға негізделген тәлім-тәрбие.

"ЕЛ боламын десең, бесігіңді түзе",-деп тектен текке айтпаған.

Осы мақсатта рухы бір, идеясы, ойы бір жерге түйіскен ұлт жанашырлары, қоғам белсенділері болып, "Қара шаңырақ" жобасын қолға алдық.

Алла қаласа, елге жанашыр, ғалым аға-апаларымызды, ел ағалары мен ел аналарын, бауырларымызды жинап, бірінші талқылау отырысымызды келесі аптаға жоспарлап отырмыз.

Шақырылған жанашырларымыздың ұрпақ мәселесін барлығынан да жоғары қойып, қатысатындығына сенімдіміз!

Қазақ үшін бала - басты байлық, ал бала тәрбиесі - ең асылымыз.

Ұрпақ тәрбиесін бүгін қолға алмасақ, ертең кеш болатынын ұмытпайық!

Тұрар Сәттарқызы Шәкен

Жаңалықтар

Демалыс күндері күн күрт суытады, деп хабарлайды madeniportal.kz. Республиканың біраз бөлігінде қар...

Жаңалықтар

Бүгін, 6 желтоқсан күні доллар бірден 9,31 теңгеге арзандады, деп хабарлайды madeniportal.kz. ...