Алматыда бойжеткенді қағып кеткен автобус жүргізушісі қамауға алынды

Бейнежазбадан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
446

Алматыда жолаушылар автобусының жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде қызды қағып кетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желілерде көлік құралымен қызды қағып кету сәті түсірілген видео жарияланды. Жол-көлік оқиғасы кеше, 9 желтоқсан күні, күндіз болған.

Алматы қаласы Полиция департаменті оқиға болғанын растаған. Белгілі болғандай, сағат 10:54-те Алматы қаласының Алмалы ауданында батыс бағытта Төле би даңғылы бойымен келе жатқан автобус жүргізушісі Исаев көшесімен қиылысқан тұста 2007 жылы туған, белгіленген жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан қыз жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

ЖКО фактісі бойынша Алматы қаласы Тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Автобус жүргізушісі қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

КИНО

2026 жылдың 15 қаңтарында Rustem Omarov YouTube-арнасында (сондай-ақ серия сипаттамасында көрсетілге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының тұрғыны аңшылық мылтықтан өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісіне оқ атқан, деп хаб...