ІІМ басшысы Алматыдағы жол апаты туралы пікір білдірді

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
604

Алматыдағы жол апаты бойынша президент тапсырмасынан кейін ІІМ тергеуді күшейтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ержан Сәденовтің айтуынша, ZEEKR жүргізушісін сот шешімімен қамауға алу шарасы қабылданды. Анықталғандай, ол апат кезінде масаң күйде болған. 

Министрдің дерегінше, бұрынғы полиция қызметкерінің әрекетсіздігі және мемлекеттік нөмірлік белгілердің заңсыз берілуі фактілері бойынша да қылмыстық істер қозғалды. 

Тергеуді ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті жүргізуде. Қоғамда таралған барлық мәліметтер тексерілуде. 

«Барлық кінәлілер заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады Ешкім де мәртебесіне, лауазымына және байланыстарына қарамастан, жауапкершіліктен жалтара алмайды. Барлығы заң алдында тең», – деді Сәденов.