"Өзін-өзі мылтықпен атқан": Жамбыл облысында тағы бір сарбаз ажал құшты

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1035

Жамбыл облысында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде қатардағы жауынгер қызметтік мақсатта қару алғаннан кейін снайперлік мылтықпен өз басына оқ атып, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Сарбаздың қаза тапқанын Бас прокуратура растады.

27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде ажалды жарақат алған мерзімді қызметтегі әскери қызметкердің қайтыс болу фактісі бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Бас Прокурордың жеке бақылауында, – делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайын объективті және жан-жақты анықтау мақсатында Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және Ішкі істер министрлігі Әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына аттанған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...