Тоқаев Давид Дегтяревті құттықтады

Жаңалықтар
1400

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы алтынды салған Давид Дегтяревті құттықтады. Бұл туралы Президент өзінің твиттерінде жазды.

Давид Дегтяревті Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын. Бұл алтын медаль – керемет жетістік және табанды жаттығулар мен мұқалмас ерік-жігердің жемісі. Давидке жаңа табыс, ал Паралимпиададағы Қазақстанның барлық спортшыларына сәттілік тілеймін - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарында Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын медаль алған болатын.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...