Асанәлі Әшімов. Адами капиталды дамыту маңызды

Жаңалықтар
1309

Қоғам дамуының басты көрсеткіші – экономикасымен қатар мәдениеті, әдебиеті мен білімі, ғылымы. Президент Қ.Тоқаевтың билығы Жолдауы еліміздің даму келешегін айқындайтын маңызды құжат ретінде республика жұртшылығымен қатар, өнер адамдарының да көкейіне қалың ой салды.

Тарихы ғасырлар қойнауында терең­деп жатқан халқымыз үшін киелі де қастерлі ұғым – тәуел­сіздік басты құндылығымыз, көк байра­ғымыздай желбірете отырып, мақтан тұтар байлығымыз. Осы отыз жылда еңсесін тіктеп, жеке-дара мемлекет ретінде әлем таныған елге айналдық. Қойнауы ен байлыққа толы ұланғайыр атамекеніміздің асқақ екенін сезінгенде жүрегіміз елегізиді. Бірақ ішкі сезім мен нақты іс үйлес­песе нәтижесі болмасы анық. Осы орайда Президент Жол­дауы барлық саланың білікті маман­дарына асқан жауапкершілік жүк­тей отырып, алдағы уақытта жүзеге асатын әрбір істі еліміздің келеше­гімен байланыстырып отыр.

Президент пандемиядан кейін­гі кезеңде экономикамызды, ден­сау­лы­қ, білім саласы, өңірлік саясатты дамыту мәселелерін қамти отырып, адам құқығын қорғау, ұлттың ұйысуын жаңа дәуірдегі жарқын өмірімізбен байланыстырады. Кез келген мемлекеттің басты бай­лығы – адам капиталы. Ал адам капи­та­лы­ның қайнар көзі әлеу­меттік әле­­уе­тіміздің жоғарылығы, сапалы білім мен денсаулықта жатыр. Дені сау, ойы озық ұлт қана зама­науи қоғаммен бәсекеге түсе алады. Та­мырын танып, ұлттың уызына қанып өскен ұрпақ, шекара асып жайын күйттеп кетпей, еліне қызмет етеді. Рухы биік ұлт қана әлеммен терезесін тең ұстай алады.  Білімі сапалы, еңбе­гінің өтеуі  бағаланып тұрса, кәне­ки. Пандемия кезінде медицина, ғылым саласын дамытудың маңыз­дылығына көзіміз жетті. Осы орайда дәрігер мен мұғалімнің мере­йін үстем етіп, еңбегін бағалау қажет­тілігі туындады. Сол сияқты алдағы уақытта еліміздің дамуына барынша үлес қосатын қай салада болсын кәсіби мамандардың санын арттыру, олардың еңбегін бағалау, біліктілігіне көңіл бөлу, білі­мін дамытуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға қолдау жасау сияқты маңызды мәселелер бой көрсетеді.

Басты ұлттық құндылығымыз – ана тіліміздің мерейін үстем етуде, тарихымызды дәріптеуде осы туған жердің бір уыс топырағынан нәр алған әрбір жанның ел алдындағы борышы мен парызы үстем. Бүгінде бірлікті, татулықты бағдар еткен Қазақстандай ел үшін бір шаңырақ астында тұрып жатқан этнос өкілдерінің «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» еңбек етпегі керек. Сонда ғана тірлігі мен бірлігі мығым елдің болашағы берекемен ғана өрілетін болады.

Асанәлі ӘШІМОВ,

Қазақстанның Еңбек Ері

author

Асанәлі Әшімов

АКТЕР

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...