“Балмұздақ алып берген”: Отбасылық таныс ер адам 6 жастағы қызды алдап алып кетіп зорлаған

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2493

Отбасылық таныс ер адам 6 жастағы қызды алдап алып кетіп зорлаған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Kop soz телеграм арнасының мәліметінше, бұрын сотталған ер адам 6 жасар қызды балмұздақ сатып алу сылтауымен алып кеткен. Ер адам отбасына жақсы таныс болғандықтан, анасы қызын бірге жіберген. Қызы қайтып оралмаған соң, полицияға жүгінген.

Бір тәулік өткен соң күдікті ұсталып, ол баланың қайда екенін көрсеткен. Қыз ауылдың шетінен табылған, оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

Полиция мәліметтері бойынша, жыныстық зорлық-зомбылық нұсқасы қарастырылуда. Белгілі болғандай, ұсталған адам жақында ұрлық үшін жазасын өтеп, түрмеден енді босатылған екен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында әйелін ит қауып алғаннан кейін жануарды балтамен ұрып өлтірген ер адам сот алдында...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық өнер иесі, композитор әрі продюсер Қанат Айтбаев жалғыз қызы Раушанға арнап жаңа ән шығ...