Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы TIFF кинофестивалінде шеберлік сыныптарын ұйымдастырды

КИНО
1351

XIII «Жібек жолының інжу-маржаны» Ташкент халықаралық кинофестивалінің осы күндері өтіп жатқан мазмұнды бағдарламасына қазақстандық кинематографистердің шеберлік сыныптары да енгізілген, деп хабарлайды Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының маманы Әсел Ырыс «Кино саласындағы білім» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Іс-шараға Өзбекстанның жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ кино біліміне қызығушылық танытатын басқа елдердің өкілдері қатысты. 

Әсел өз әріптестерін түрлі елдердегі кино саласындағы білімнің ерекшеліктерімен таныстырды.

«Менің шеберлік сыныбыма келген қонақтарды түсірілім барысының қалай өтетіндігі көбірек қызықтырды. Өзбекстанда кино саласы қарқынды дамып жатқаны көрініп тұр», – деп атап өтті Әсел.

Айта кетсек, бұл қазақстандық делегацияның фестивальдегі жалғыз шеберлік сыныбы емес. Алда Киноорталықтың Бас продюсері Адай Әбелдиновтың «Қазақ анимациясы» және жас кинематографист Дильшат Рахматуллиннің «Мультипликациялық сериалдарды жасау және ұйымдастыру үдерісі» тақырыбындағы презентациялары өтеді.  

Естеріңізге сала кетейік, XIII «Жібек жолының інжу-маржаны» Ташкент халықаралық кинофестивалі Өзбекстан астанасында 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтуде.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Биыл Тәуелсіздік күніне орай қатарынан үш күн демалыс беріледі, деп хабарлайды madeniportal.kz....

Жаңалықтар

2024 жылғы 23-34 қараша күндері Астана қаласынан Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшул...