Актерлік өнерге көз жүгірте бастасам болды, бірден талантты актер Кененбай Қожабеков еске оралады. М...
Сценарийден көрерменге дейін...
Кино саласындағы режиссер – кинопроцесстегі ең басты мамандардың бірі. Бұл өте қиын, әрі үнемі ізденісті талап ететін жұмыс. Көрермендер мен кино саласынан алшақ жандар режиссерлік жұмысты аса қиындықсыз және оңай деп ойлайды. Бұл гипотеза шындыққа жанаспайды. Осыған байланысты, бұл мақаланың міндеті – режиссердің жұмысымен таныстыру.
Жас режиссерлардың көбісі киноиндустрияға түрлі жолмен келеді: басқа жұмыстан ауысып, кинода басқа мамандықтан бастап, негізінде, өзінің идеяларын жүзеге асыру үшін режиссураға бағыт алады.
Егер, идея толығымен ойластырылып жасалса, авторға сценарийді жаза беруге толығымен болады.
«ПРОЕКТ»
Режиссердің қолындағы дайын сценарий – жобаның төлқұжаты. Осы құжатпен әр студияға барып немесе продюсер іздеп, жобаға «жасыл жарық» беруін мақсат қылудың арқасында, режиссер өзінің жобасы үшін барлық күшін салады.
Киностудиялар, көбінесе толықметрлі немесе қысқаметрлі фильмдерге байқау жариялайды. Режиссер байқауға қатысқан жағдайда сценарийін таныстырып, «питчинг» процессі болады. Питчинг – бұл ауызша немесе визуалды түрде киножобаны продюсерлерге (инвесторларға) таныстыру мақсатында болатын процесс. «Жобаны жүзеге асыру барысындағы, сценарий жазудан кейінгі ең аса қиынның бірі – питчинг. Парадокс: питчингтің арқасында жоба жүзеге асатын болса, кейде питчинг көптеген режиссерларды стресске және депрессияға алып келеді. Режиссер өзіне деген сенімділікті жоғалтуы мүмкін.
Режиссерлік практикада аса ірі әрі көлемді мәселе – психологиялық тұрғыдан дайындық. Режиссердың, автордың бойында, өзінің ойларын тежей алатын, ойларын көркемдей алатын, ойларын жинақтай алатындай қасиет болуы шарт.
Осыған қарамастан, бәрінен сүрінбей өткен режиссердың жобасына өмір сүретін мүмкіндік берілсе «одан асқан бақыт жоқ».
«ПРЕ-ПРОДАКШН»
Жобаға, яғни толықметрлі, қысқаметрлі немесе сериалға жасыл жарық жанғаннан кейін, продюсерлік топ режиссермен бірге жобаға түрлі жұмысшыларды, актерлерді іздеумен айналысады.
Пре-продакшндағы локация іздеумен бірге ең ауқымды жұмыстың бірі, сценарийдегі кейіпкерлерге лайықты актерді табу. Кино тарихында сценарийдегі жарқын кейіпкерге актер таппаудың себебінен көптеген жобалар жарты жолдан аяқталып немесе сценарийдегі кейіпкерге сай емес болып түсірілген болатын. Актерді іздеуге күндер, айлар, тіпті жылдар кетуі де мүмкін.
Мысалы, американдық режиссер Квентин Тарантино 2009 жылы жарық көрген «Inglouriois Basterds» фильміне Ханс Ланда есімді 4 тілде сөйлей алатын антагонист кейіпкерді бастан-аяқ жасап шығарған еді. Бірақ, актерді іздеу процессі өте ұзаққа созылды. Актерді жыл бойы іздеуден кейін, режиссер жобадан бас тартуға шақ қалған кезде, аса танымал емес Кристоф Вальц есімді актер келіп, жобаны құтқарып қалады. Нәтижесінде, актер осы рөлі үшін «Екінші пландағы үздік актер» номинациясы бойынша Оскар марапатының лауреаты атанады.
Бұл дегеніміз, актерді іздеуде қатілік жібермеуге тырысу қажет. Сонда ғана, жоба жаңғырып, режиссердің жобаға махаббаты оянып, жаңа қарқынмен жұмыс жасалады.
«ПОСТ-ПРОДАКШН»
Түсірілім аяқталып болғаннан кейінгі жасалатын негізгі жұмыстар: материалдың монтажы мен түстің коррекциясы болса, қосымша жұмыстар – саундтрек іздеу немесе фильмге арнайы музыка жаздыру.
Пост-продакшн, негізінде ұзаққа созылатын процесс. Қысқасын айтқанда, «режиссер өзінің көзқарасын монтаждайды». Пост-продакшнның негізгі мақсаты – фильмді көрерменге дайындау.
«ПРЕМЬЕРА»
Режиссер өз жұмысын аятап болғаннан кейін, қалған жұмыс киностудиялар мен продюсерлерге тапсырылады. Олар фильмді кинотеатрларда көрсету және жобаның прокатта ақталуы үшін жұмыс жасайды.
Фильмге баға беретін – ол киносыншылар мен көрермендер. Көрермендердің арқасында, режиссер халық ықыласына бөленсе, киносыншылардың арқасында кәсіби тұрғыдан жетістікке жетеді. Мысалы, режиссер Дэмьен Шазелл өзінің алғашқы режиссерлік дебютінде 2014 жылғы «Whiplash» фильмінің арқасында кинофестивальдерде жетістікке жетіп, киносыншылардан жоғары баға алды.
Аса үлкен мөлшерде ауқымды, көбінесе ойлау қабілетінің басым болуының арқасында режиссер өз саласына көп үлес қосады. Осы үлестің арқасында, «тарихта ізі қалған фильм» жасап шығаруға болады. Ал, осының бәрі идеядан, режиссерлік дебюттен бастау алады.
Бақдәулет Сатыбалды,
Кинотану мамандығының 1 курс студенті (Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА)