Елорда төрінде «Жаса, Қазақстан» атты концерт өтеді

Жаңалықтар
672

2021 жылдың 25 қазанында 19-00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестрінің Қазақстан композиторларының шығармаларынан «Жаса, Қазақстан» атты концерті өтеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижёрі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» ордендерінің иегері, профессор - Айтқали Жайымов.

Кештің мақсаты тәуелсіз еліміздің музыкалық мәдениетімен таңдаулы шығармаларын көрерменге ұсынып, қазақ өнерінің асыл мұрасын келер ұрпаққа жеткізу. Әр жылдарда дүниеге келген белгілі композиторлардың шығармаларын жаңа леппен тыңдармандарға жеткізу.

Таңдаулы шығармалар кешінде Қазақ оркестрімен бірге Қазақстанның еңбек сіңірген артисі – Жексембек Нұржауов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Әли Алпысбаев, Бибігүл Жанұзақ, «Құрмет» орденінің иегері – Еркін Нұрымбетов, Мәдениет қайраткері - Нұрлан Бекенов, Халықаралық байқаулардың лауреаты, Композиторлар одағының мүшесі - Арман Жайым,  Халықаралық байқаулардың лауреаттары - Алтынбек Әбілда, Әйгерім Ораз, Әйгерім Аманжолова, Айдос Оңғарбай, Бибігүл Тыныштық және Дарын Құдайбергенов өнер көрсетеді.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Түркістан облысында «Шымкент-Самара» автожолында оқушылар мінген газель отқа оранды, деп...

Жаңалықтар

Соның кесірінен қанша адам оққа ұшып, қаншасы жараланғанын айтпағанда, соғыстың адам санасын қанша у...