Жастар театрында жаңа премьера сахналанбақ

ТЕАТР
1034

«Ханзада» қойылымынан көрініс (реж.: Н.Жақыпбай)

Елорданың төл перзенті «Жастар театры» жаңа маусымда көрерменді тың туындылармен қуантуды мақсат етіп отыр.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жастар театрында»2021 жылдың 23-24  қазан күндері, сағат 19:00-де  ағылшын драматургы У.Шекспирдің «Ханзада» (Hamlet) трагедиясының премьерасы өтеді. 

«Гамлет» – әлемдік классик Уильям Шекспирдің әлем бойынша ең көп сахналанған шығармаларының бірі. Туындыда адам жанының сан түрлі мінезі ашылады. Қойылымның көрерменін ойлантар орайлы, ойлы тұстары мол. 

«Ханзада» қойылымынан көрініс (реж.: Н.Жақыпбай)Трагедияның басты кейіпкері – корольдің жалғыз ұлы ханзада Гамлет. Әкесі қастандықпен өлтірілгеннен соң, көп ұзамай анасының тақты иемденген туысқан ағасы Клавдийге тұрмысқа шығуы Гамлетті шексіз жан азабына душар етеді. Оның көзіне бүкіл дүние қараңғы, тұңғиық, мазмұнсыз көрінеді. Тосыннан болған мұндай қорқынышты оқиғалар оны әділетсіздіктер мен зұлымдықтар дүниесіне қарсы күреске шақырады. Әкесінің өлімі үшін кек алудан бөлек, ендігі жерде ол өзімен, өзіндегі қарама-қарсы, күрделі ойлармен, түсініктермен арпалысады.

Қойылым режиссері – театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай.

«Ханзада» қойылымынан көрініс (реж.: Н.Жақыпбай)madeniportal.kz

author

Уильям Шекспир

ДРАМАТУРГ

Без категории

  Жаратушы құдірет, Сенің бар екендігіне шүбә келтірмеймін. Барсың! Жүрек түкпірінде... сана...

Жаңалықтар

Кавказ өңірінің көшбасшысына айналған Әзербайжан тағы бір істе өзге елдерге үлгі болуда. Соғыс салда...