Жиһангез қарияға сый-құрмет көрсетілді. Ол жайында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Құсман...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры республикалық комедия байқауын жариялайды
1717
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- қазақстандық авторларды қолдау;
- театр репертуарын жаңа туындылармен толықтыру;
- жаңа көркемдік кеңістіктердің игерілуіне жол ашып, драматургияда жаңа есімдердің пайда болуына және олардың кәсіби өсуіне мүмкіндік тудыру.
Байқауды өткізу мерзімі:
- пьесалар 2021 жылдың 1 қарашасынан 2022 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады;
- байқау нәтижесі 2021 жылдың 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай жарияланады.
Байқаудың өткізілу тәртібі:
Байқауға ұсынылатын пьесалар компьютерлік 30 беттен аспауы тиіс (шрифт Times NewRoman-14). Комедиялық драма, инсценировка teatr_auezov@bk.ru электронды поштасына комедия байқауына деген тақырыппен жолдануы шарт. Байқауға түскен шығармаларды кәсіби мамандардан тұратын сарапшылар кеңесі сараптайды.
Байқауға кім қатыса алады?
- байқауға республика азаматтары және шетелдегі қандастарымыз қатыса алады;
- байқауға қазіргі театр талабына сай жазылған, бұрын қойылмаған, жарияланбаған, өзге байқауларға қатыспаған жаңа 2-3 кейіпкерлік комедиялық драмалар,
- инсценировкалар (автор туралы мәліметтермен және автор суретімен қоса) жолдануы шарт;
- авторлар бірнеше номинацияға қатыса алады, номинацияда көрсетілген әрбір жанрға бір шығарма ғана ұсынылады.
Байқау номинациялары:
- қазіргі заман кейіпкері
- инсценировка
Байқау қорытындылары бойынша:
- үздік деп танылған комедия жанрында жазылған бір пьеса және бір инсценировка театр репертуарына алынып, сахналанады;
- сонымен қатар сәтті деп танылған кей пьесаларды режиссерлік, актерлік лабораторияларда оқу, сондай-ақ жеке жұмыстар түрінде қою ұйымдастырылады.
Ескерту: Театрдың пьесаны сахналау (түсірім жасау) барысында редакциялау, өзгеріске ұшырату (автор келісімімен) құқығы бар. Анықтама үшін: Ә.Қ. Бөпежанова, эл.мекен-жайы: bopezhanova@list.ru.