Нұр-Сұлтан қаласында «ТЕАТР ALL Nur-Sultan theatre week» театр фестивалі өтеді

ТЕАТР
1098

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Нұр-Сұлтан қаласында «ТЕАТР ALL Nur-Sultan theatre week» театр фестивалі өтеді.Оған елордалық және шетелдік үздік 11 ұжым қатысады. 

«Асауға тұсау» қойылымынан көрініс (реж.: Н.Жақыпбай)28 қазан мен 3 қараша аралығында театр өнерін сүйер қауымға «Астана Опера» театры, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры, Ә.Мәмбетов атындағы комедия театры, М.Горький атындағы орыс драма театры, сондай-ақ елордалық Қуыршақ театры, Музыкалық жас көрермен театры, «Жастар», «Наз», «Astana Musical» театрларының репертуарынан үздік қойылымдар ұсынылады. Фестивальдің құрметті қонақтары – Малая Броннаядағы Мәскеу драма театры мен С.Образцов атындағы мемлекеттік академиялық орталық қуыршақтар театры.  

Асхат Маемиров, «Музыкалық жас көрермен театрының» директоры: «Осы жолы екі театр өздері ұсыныс білдіріп қатысуда. Бұл мәскеулік екі театр сондай ерекше ықылас танытты, тіпті елордаға өздерінің қаражатымен келе жатыр. Сондықтан 3-4 күн бойы біздің елордалық көрермен Мәскеу театрының, ал кішкентай балаларымыз, өскелең ұрпақ қуыршақ театрының құпияларына қаныға алады. 1 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі арнайы тағайындап жатқан «Театрал» театр сыйлығының марапат иелерін анықтайды. Ең соңғы күні «Үздік актер», «Үздік актриса», «Үздік екінші пландағы ер адам бейнесі», «Үздік екінші пландағы әйел адам бейнесі», «Үздік композитор», «Үздік эпизодтық бейне», «Үздік актерлік ансамбль», «Үздік опера солисі», «Балет әртісі», «Ең үздік қуыршақ қойылымы» сынды номинациялар болады. Фестиваль ғылыми тәжірибелік конференциямен тұйықталады. Онда театр сыншылары, өнер майталмандары мен белгілі сахна саңлақтары саланың өзекті мәселелерін ортаға салып, саралайтын болады».

«Абай-Тоғжан» қойылымынан көрініс (реж.: А.Маемиров)Театр апталығы аясында түрлі бағыттағы 11 шығармашылық ұжым әр жанрда 20-дан астам қойылым көрсетеді. Дені – әлемдік классика мен отандық туындылар. Күн сайын көрерменді қызықты бағдарлама күтеді, онда кез келген талғамға сай спектакльдер бар. Көпшілік назарына күн сайын 6-7 сахналық туынды ұсынылады. 

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Ұлы Отан соғысының барлық қатысушысына 9 мамырға орай жергілікті бюджеттер есебінен біржолғы ақшалай...

Жаңалықтар

Республиканың жылу көздерін кешенді жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақса...