Қаллеки театры «Айман-Шолпан» қойылымын жаңаша форматта ұсынады

ТЕАТР
1781

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 2021 жылдың 6-7 қараша күндері сағат 19.00-де «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясының премьерасын ұсынады.

Авторы – Мұхтар Әуезов. Сахналық нұсқасын жасаған режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков 2010 жылы «Айман – Шолпан» музыкалық комедиясын қалың көрермен назарына заманауи түрдегі ерекшелігімен ұсынды. Театр ререптуарынан 3-4 жыл  орын алған туынды бүгінгі таңда жаңа шығармашылық құраммен сахнаға қайта оралуда. 

Режиссерлері – Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Олжас Жақыпбек, Шырын Мұстафина. Бас дирижер – «Мәдениет саласының үздігі» Ерлан Бейсембаев. Дирижер – Маралжан Мырзақұлова. Хореограф – Шырын Мұстафина. Қоюшы суретші – Қанат Мақсұтов. Киім суретшісі – Алма Сырбаева. Композиторлар – Қайрат Тоқымбетов, Олжас Жақыпбек. Нота мәтінін өңдеген – Айша Сырымбай. Әндердің сөзін жазған – Қанат Жүнісов, Мирас Әбіл. 

М.Әуезовтің классикалық кейіпкерлері – Айман мен Шолпан бүгінгі заманғы «олигархтың» ерке қыздарына, Әлібек интеллигенция өкіліне, Арыстан мен Көтібарлар «жаңа қазақ» бейнесіне айналмақ. Ең бастысы көрермен бүгінде махаббаттың құны әлі де жоғары екендігіне көз жеткізеді.

Осы қойылым астарында біздің бүгінгі Аймандарымыз бен Шолпандарымыз қандай? Сол Көтібар, Арыстан, Әлібектер дәл қазір қалай өмір сүруде? Бұрын қандай едік, бүгін қандай күйге түстік? – осындай өзіне де өзгеге де қойған сұрақтары жатыр.

Спектакльдің екі актерлік құрамы бар: Айман бейнесінде – А.Құрмашева, С.Нұрхайдарова, Шолпан – Ұ.Оразаева, Н.Бөкенбаева,  Әлібек – ҚР «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты Ж.Ерболат, Б.Жүнісов, Арыстан – Қ.Болат, Е.Жанпейісов, Жарас – Ұ.Қабыл, Ә.Бектас, Балпық – Б.Орман, Жантық – Б.Шалқар, Маман – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ж.Төленбаев, Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Ш.Ордабаев, Теңге – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Бермұхамбетова, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Б.Мақсұтова, Көтібар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Н.Өтеуіл, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері М.Қайсанов және театр жастары.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасынына &nbsp...

Жаңалықтар

Павлодар облысының тұрғыны интернетте белгісіз бойжеткенмен танысып, мүлкінен айырылды,  деп ха...