Алматыда «Ақтастағы Ахико» тарихи фильмінің түсірілімі жалғасып жатыр. Тұтқынға түсіп, ө...
Ақан Сатаевтың «Боксер» фильмі экранға шығады
Ақан Сатаевтың «Боксер» атты жаңа фильмі осы жылдың 1 желтоқсанында прокатқа шығады. Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ-ның Instagram-дағы ресми парақшасы хабарлады.
Ақан Сатаевтың фильмі Олимпиада чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, бокстан екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиевтің өмір оқиғасына негізделген.
Басты рөлдерде Смадиар Сабыров, Игорь Ермашов, Бақтияр Қожа, Ирина Ажмухамедова, Зухра Сайпи, Динара Сәтжан, Арман қоңыр және тағы басқа таңымал актерлар сомдайды.
Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев фильмнің басты мақсаты – спорттағы жетістіктерді армандайтын жастарды ынталандыру екенін айтты. Алайда, фильм рингтегі тер мен қан туралы ғана емес, кейіпкердің басынан өткен драма мен махаббатты да негізге алады.
Сценарийін бұған дейінгі «Томирис» картинасында режиссермен жұмыс істеген Тимур Жақсылықов пен Альмира Тұрсын жазды. Қоюшы операторы Ақан Сатаевпен бірге «Бизнесмендер», «Томирис» және басқа да фильмдерінде жұмыс істескен Хасан Қыдырәлиев болып табылады.