«Оба түндерінің» жарыққа шығар күні жарияланды

ӘДЕБИЕТ
5431

Нобель сыйлығының иегері, Түркиялық жазушы Орхан Памуктың бес жыл бойы жазылып келген "Оба түндері" атты жаңа романы 23- наурыз күні оқырман қауымға жол тартпақ. Бұл туралы бүгін Yapı Kredi Yayınları өзінің ресми парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Аталмыш романның шығар күнін Түркияның беделді баспасы Yapı Kredi Yayınları төмендегідей мәтінмен жария етті:

#Романымда жазғандарым шындыққа айналды. #Орхан Памук індетпен бетпе-бет қалған Османлы аралының эпикалық романын ұсынады.  # Оба түндері барлық кітап дүкендерінде 23 наурызда!

Хабарландырумен бірге жарияланған видеода Орхан Памук өзінің жаңа романын 30 жыл бойы ойлап, қиялында жетілдіріп келгенін және туындыны шамамен 5 жыл бойы жазғанын тілге тиек етті. Роман 1901 жылы оба эпидемиясы кезіндегі Османлы провинциясының оқиғалары туралы баяндайды.


Еске сала кетейік, Нобель сыйлығының иегері Орхан Памуктың "Оба түндері" романының шығатыны жайлы қазақ оқырмандарына бұған дейін де хабарлаған болатынбыз.

madeniportal.kz

author

Орхан Памук

ЖАЗУШЫ

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...