Отандық киноактер Төлепберген Байсақалов Лос-Анджелесте марапатқа ие болды

КИНО
1272

Төлепберген Байсақалов, актер

Қазақстандық актер Төлепберген Байсақалов «От» фильміндегі бейнесі үшін Asian World Film Festival (Лос-Анджелес) кинофестивалінде «Ең үздік ер адамның рөлі» марапатына ие болды.

Дүниежүзілік Азия кинофестивалі (AWFF) жеті жыл қатарынан өткізіліп келеді. Бүгінде өнер мерекесі Голливуд пен азиялық ойын-сауық индустриясы арасындағы байланысты нығайтып отыр. Биыл фестиваль байқауына 20-дан астам елден 30 фильм қатысты

«От» фильмінің әлемдік премьерасы Пусандағы Халықаралық кинофестивальде өтті. Комедия элементтері бар әлеуметтік драманың режиссері – режиссер Қанымбек Қасымбековтың қызы Айжан Қасымбек. Жоба ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қаржыландыруына грант ұтып алды.

Еске түсірсек, Төлепберген Байсақалов 2008 жылы Канн кинофестивалінде «Ерекше көзқарас» номинациясында Гран-при алған «Қызғалдақ» («Тюльпан») фильмінде басты рөлдердің бірін сомдаған болатын. 

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...