CASL питчингінің нәтижелері: барлық жүлделер қазақстандықтарда

КИНО
1022

Орталық Азия сценарийлік шеберлік зертханасының (CASL) таяудағы ақтық питчингінде алғашқы екі орынды Қазақстандағы Гете Институты мен ҰКҚМО бірлесіп өткізген воркшоп түлектері иеленді, деп хабарлайды kazakhcinema.kz.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құрылған сәттен бастап білім беру үдерісіне үлкен көңіл бөлуде. Киноорталық басшысы Есетжан Қосыбаев бірнеше рет атап өткендей, бұл ұйымның негізгі міндеттерінің бірі – болашақ мамандарға кәсіби білім алуға жәрдемдесу. «Сондықтан, биыл біз алғаш рет ҰКҚМО бюджетіне білім беру мен кадрларды даярлауға арналған шығыстарды енгіздік», – деп атап өткен еді Есетжан Мұратұлы отандық кино білімінің болашағына қатысты  қазан айының соңында өткізілген дөңгелек үстелде.

Орталық Азия сценарийлік шеберлік зертханасы (CASL) Корея Республикасы Үкіметінің қолдауымен «Орталық Азиядағы кино индустриясын нығайту» жобасы аясында Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросымен ұйымдастырылды.  Мамыр айынан қазанға дейін онда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген 24 жас сценарист оқыды. Бірінші кезеңде қатысушылар жаттықтырушылар командасымен өздерінің сценарийлік идеяларын әзірледі, ал 28 қазанда сол жұмыстың нәтижелерін халықаралық қазылар алқасына ұсынды.

19 жоба қатысқан финалдық питчинг барысында халықаралық қазылар алқасы үш үздік жобаны анықтады. Бірінші орынды «Әлия» фильмін ұсынған Әйгерім Қағарова алды. Екінші орын Эльдар Шибановтың «Горный лук» фильміне берілді. Үздік үштікті «Муж» жобасымен Айзада Бекбалаева түйіндеді.

Жеңімпаздарды құрамына Аберистуит университетінің (Уэльс) беделді журналисті және құрметті профессоры Биргит Беумерс, NISI MASA Еуропалық жас кино желісінің негізін қалаушы және жетекшісі Матье Даррас, Directors' Fortnight тілшісі Бенджамин Иллос, Азия кинонарығы бойынша маман Ён-Ву Ким және 50-ден астам халықаралық жүлделердің иегері, режиссер Георгий Овашвили кірген халықаралық қазылар алқасы анықтады.

Киносценаристерді оқыту идеясы 2020 жылдың соңында Орталық Азия елдерінің кино индустриясының жай-күйі туралы зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінде пайда болды. Бұл зерттеулер аймақтағы елдердің жоғары білім беру жүйелерінің ешқайсысында сценарий шеберлігі әлі оқытылмайтынын көрсетті. 

Бұл мәселе, сондай-ақ жоғарыда айтылған кино саласындағы басқа да мамандарды даярлау мәселелері қазіргі уақытты ҰКҚМО-ның ең басты назарында. Бүгінде Орталық Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясымен және «Тұран» университетімен ынтымақтастық орнатқан. Кезекте республикадағы ең қуатты ғылыми және материалдық-техникалық базасы бар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тұр. Биылғы жылы журналистика факультетінің Баспа және электронды БАҚ кафедрасында бакалавриат деңгейінде «Кино&Медиа» білім беру бағдарламасы ашылды. Сонымен қатар, оқу процесіне «кино тарихы», «кинодраматургия» және «кинорецензия» сияқты пәндер енгізілді.  

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...