«ЖАМБЫЛДАН – АМАНАТ» концерт-спектаклі өтті

ТЕАТР
1123

Күні кеше Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі және Ғабит Мүсірепов атындағы  Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының бірлескен «Жамбылдан – Аманат» концерт-спектаклі өтті. 

Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен сахналанған «Жамбылдан – Аманат» концерт-спектаклі жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналды. Концерт-спектакль жасынан жыраулығымен танылған ақын, жыршы Сүйінбай Аронұлы мен оның шәкірті Жамбылдың кездесуінен басталып, Жамбылдың бала күнінен есейген шағына дейінгі өмірін бейнелейді.

«Жамбылдан – Аманат» концерт-спектаклінен көрініс

Жамбылдың «Жамбылдың Айкүміспен айтысын», «Угәй-ай», «Алатау» әндері, «Қазақстан тойына», «Ақын болдым он үште», «Ленинградтық өренім» жырлары театр артистерінің орындауында көрерменге ұсынылды.Жамбылдың  әндері мен жыр жолдарына құрылған жоба бір сәтке Жамбыл әлеміне енуге мүмкіндік берді.

«Жамбылдан – Аманат» концерт-спектаклінен көрініс

Қойылымды Құрманғазы оркестрі жанды дыбыспен сүйемелдеді. Дирижер, Құрманғазы оркестрінің бас дирижері, Мемлекетік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты – Абылай Тілепберген. Режиссері – Данияр Базарқұлов. 

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Оқыс оқиға Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінде болған. Намаз кезінде «әмин» дұғасын...

Жаңалықтар

Ақын Ордабайұлының кезекті жаңа кітабы оқырманға жол тартты Жуырда Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлт...