Елордада Қаллеки театрының 30 жылдық мерейтойына орай, футболдан шағын турнир өтті

Жаңалықтар
699

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының 30 жылдығына орай, Нұр-Сұлтан қаласындағы театрлар арасында футболдан шағын турнир өтті. Қаллеки театры осыдан 30 жыл бұрын белгілі режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жақып Омаров атамыздың бастамасымен негізі қаланып, 30 жыл бойына астаналықтарға қалтқысыз еңбек етіп келеді. Театрдың мерейтойымен қатар Жақып Омаровтың 80 жылдығы қатар тойлануда. 

Жақып атамыз негізін қалаған театр ұжымы осыдан тұп-тура бір жыл бұрын Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен салынған елорда төріндегі теңдесі жоқ жаңа ғимаратқа қоныс аударып, қуанышқа бөленіп отыр. Атаулы мерейтойлар аясында ұйымдастырылып отырған бұл шара салауатты өмір салтын насихаттап, өнер ұйымдарының арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталып отыр. 

Елордадалық театрлар арасында ұйымдастырылып отырған футболдың шағын турниріне «Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазық музыкалық драма театры», «Жастар», «Астана Опера», «Әзірбайжан Мәмбетов театры», «Музыкалық жас көрермен театры», «Әзірбайжан Мәмбетов театры», «Астана Мюзикл» сынды өнер ұйымдары қатысты. Халықтың қошеметіне бөленіп жүрген әртістер, бұл турнирде де белсенділік танытып, ойынды жоғары деңгейде көрсете білді.

  «Тәуелсіздікті аңсап өткен бабаларымыздың арман-мақсаты бізге аманат болып бүгінге жетті. Қан мен тердің, ерік пен жігердің арқасында жеткен тәуелсіздігімізді қастерлеп сақтау біздің басты мақсатымыз. Сонымен қатар, осы тәуелсіздігімізбен түйдей құрдас ол біздің театрымыз.Қос қуаныштың құрметіне орай, Нұр-Сұлтан қаласындағы өнер ошақтарын жинап, футболдан шағын турнир ұйымдастырып жатырмыз» - деді, театрдың көркемдік жетекшісі Қуандық Қыстықбай.

Жеңімпаз атанған командалар мен үздік деп танылған ойыншылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтсақ, жүлделі бірнші орынды «Астана Опера» театры, екінші орынды «Астана Мюзикл» театры иеленсе, үшінші орынды «Музыкалық жас көрермен театры» қанжығасына байлады. Ал «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша «Астана Опера» театрының артисі Бахтияр Бостанбаев, «Үздік қорғаушы» номинациясы бойынша «Астана Мюзикл» театрының актері Арнат Жамаш марапатталса, «Үздік қақпашы» номинациясын «Музыкалық жас көрермен театрының актері Аққанат Қуандықов иеленді. Алдағы уақытта да, өнер ұйымдарының арасында достық қатынасты арттыратын осындай кездесулер өз жалғасын табады деп сенеміз.

Без категории

19 мамыр, жексенбі күні Шығыс Әзербайжанның Варзакан аймағындағы Тебриз қаласына ұшып бара жатып а...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым қоймалары мен жылыжай кешендерін су басу фактілері туралы хабар...