Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен танымал киножұлдыздар

КИНО
2404

Экран төрінде санаулы рөлдері мен әдебиетте өзіндік қолтаңбаларымен танымал болған өнерпаздар қатары көп. Десе де, көп уақытқа созылмай белгісіз жағдайда жоғалып, көзден таса болғандар бар. Олардың есімдері ел жүрегінде болғанымен, ғайып болуының себебі әлі күнге дейін белгісіз. «Мәдениет порталы» Сіздер үшін жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен танымал киножұлдыздар туралы қызықты ақпаратты назарларыңызға ұсынады. Мархабат!   

«Менің балам күлімсірегенде» (1948), режиссер Уолтер Лэнг 

Американдық актриса және модель Джин Спенглердің жоғалып кетуінің себеп-салдары әлі күнге дейін беймәлім. Оның актерлік мансабы 1948 жылы басталып, «Менің балам күлімсірегенде» және «Керемет қоңырау» сынды бірнеше фильмдерде ойнады. Жас әйел ықпалды продюсерлердің назарын аудара алғанымен көптен күткен даңқ оған келмеді. 1949 жылдың қазан айында актриса үйден кетіп оралмады. Ол үйіндегілеріне күндізгі жоспарында бұрынғы жұбайымен кездесуге баратынын, артынша келесі жобаның түсіріліміне қатысатынын айтқан болатын. Үйіне оралмағанын түсінген туыстары үрейленіп, полицияның көмегіне жүгінді. Кейін белгілі болғандай, Джин бұрынғы күйеуімен кездесетіні туралы өтірік айтып, ешқандай түсірілім болмағаны анықталды. Спенглерді соңғы рет дүңгіршекте тұрғанын көргендер бар болған. Қауесеттерге сәйкес, қыз белгісіз ер адамнан жүкті болған және жасырын түсік жасатуды жоспарлағаны (ол кезде бұл рәсімге қатаң тыйым салынған) мәлім болды. Бұл оқиғаның шын мәнісін ешкім ешқашан білмесі анық.

«Аға» (1997), режиссер Алексей Балабанов

Ресейлік режиссер, актер және сценарист Сергей Бодров, сондай-ақ оның бүкіл командасы Солтүстік Осетияда, Кармадон шатқалында түсірілген «Связной» фильмінде жұмыс жасау кезінде жоғалып кетті. Қайғылы оқиға 2002 жылдың 20-шы қыркүйегінде болды. Бұл күні аймақта үлкен Колка мұздығы жылжып, нәтижесінде шатқалдың бәрі алпыс метрлік мұз бен тастардың астына көмілді. Бұл қайғылы оқиғадан кейін жүзден астам адам хабар-ошарсыз кетті деп саналды, оның ішінде Сергей Бодров та болған. Актердің туыстары мен достары соңғы сәтке дейін тірі табылатынына үміттенді. Төтенше жағдай министрлігінің іздеу операциясы екі жылға жуық уақытқа созылғандығы белгілі, оған жедел уәкілдер де, еріктілер де, зардап шеккендердің жақын достары да қатысты. Өкінішке қарай, түсірілім тобы мүшелерінің денелерін табу мүмкін болмады. Дәл осы себептен Бодровтың көптеген жанкүйерлері оның тірі екендігінен үміт үзбей келеді.

«Комиссар Мартин Бек» (1997), режиссер Харальд Хамрелль 

Швед режиссері Дэниэл Лагерлеф жоғалған атақты адамдардың тізімін толықтырады. Кинорежиссер Голливудта аз танымал болды, бірақ өз отанында ол скандинавиялық детектив Мартин Бек туралы фильмдер сериясы үшін марапатқа ие болып, өз атын шығара алды. 2011 жылы Лагерлеф күтпеген жерден жоғалып кетті және себеп салдары ешкімге белгісіз. Жоғалған күні режиссер командамен бірге орман қорығына барып, келесі фильмнің түсіріліміне локациялар таңдаған. Күтпеген жерден басталған дауыл компанияны екіге бөлді. Бұдан кейін не болғаны белгісіз, бірақ Лагерлефтің денесі табылған жоқ. Кейбіреулер ауа-райының қолайсыздығы кезінде режиссер кездейсоқ тайып, теңізге құлады деген тұжырымға келді.

«Бетховен 3» (2000), режиссер Дэвид Микэй Эванс

90-шы жылдардың ортасында Джо Пичлер танымал жас актер болды. Пичлер актерлық мансабын жарнамаларда түсуден бастады, содан кейін ол телевизиялық фильмдерде кішкентай рөлдерді ала бастады. Жас актерге танымалдылық «Студенттік команда» мен «Бетховеннің» үшінші және төртінші бөлімдерінен кейін келді. «Шейлок 2» драмасындағы рөлі үшін Пичлер «Үздік жас актер» сыйлығына ие болды. Өкінішке қарай, Джо актерлік жолда кино жұлдызына айнала алмады, ол небәрі он сегіз жасында жұмбақ түрде жоғалып кетті. Голливудтың алдауынан алыс өмір сүрсін деген анасының ұстанымы Вашингтонға қоныс аударуға мәжбүрледі. Джо бұл шешімді құптамағанымен анасына ашық түрде қарсы шыға алмады. Жоғалған күні ол досымен соңғы рет хабарға шығып артынша көлігімен белгісіз бағытта жол тартты. Джоның көлігі өзен бойынан табылып, ішінде қоштасу хаты болған. Өз хатында Пичлер өзінің барлық заттарын інісіне тапсыруды өтінген. Полиция бұл оқиғаны өзін-өзі өлтіру екенін жоққа шығармайды.

«Кішкентай ханзада» (2015), режиссер Марк Осборн

Агата Кристидің шығармаларына ұқсас, француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің туындылары Голливудта бірнеше рет түсірілген. Жылдар өте келе жазушының жұмбақ күйде жоғалуы табынушыларына маза бермей келеді. Екінші дүниежүзілік соғыстың басында Экзюпери әскерге шақырылды, ол медициналық проблемаларға қарамастан авиациялық барлауға тағайындалды. 1944 жылдың шілдесінде жазушы Корсика аралына қарай ұшып, ол жақтан қайтып оралмады. Нәтижесінде ол хабар-ошарсыз кетті деп жарияланды. Экзюпериді іздеу бірнеше жылға созылды, бірақ нәтиже бермеді. 1998 жылы балықшы жоғалған французға тиесілі күміс тізбекті кездейсоқ тауып алғанда күтпеген өзгеріс болды. Екі жылдан кейін суға түскен тәжірибелі сүңгуір Экзюпери ұшағының сынықтарын тапты.

«Шығыс экспрессіндегі кісі өлімі» (2017), режиссер Кеннет Брана

Романдары Голливудттық фильмдердің көбіне негіз болған әйгілі жазушы Агата Кристи 1929 жылы белгісіз себептерде жоғалып кеткен. Жазушы жұбайымен болған бірқатар ұрыс-керістерден кейін көлікке отырып, Йоркширге қарай бағыт алады. Агата Кристиді іздеу жұмыстары он күнге жалғасып, ондаған құтқарушылар, үйретілген иттер және тіпті ұшақтар жұмылдырылды. Кристидің отбасына жазушының жанкүйерлері көмекке келді. Харрогейттегі қонақ үйдің тұрғындары Агатаға өте ұқсас ханым бірнеше күн бұрын бөлмені брондағанын және өзін Тереза Нил ретінде таныстырғанын айтты. Тергеушілерге берген ақпарат пен әрекеттерінің логикасын түсіндіре алмаған куәгерді ақыл-ойы уақытша ауысқан деген тұжырымдама жасады.

«Капитан Бладтың Одиссеясы» (1935), режиссер Майкл Кертиц

Голливудтың әйгілі актері Эррол Флинннің ұлы әкесіне көлеңке түсіру үшін қолдан келгенінің бәрін жасады. Шон актерлік мансабынан бас тартып, суретке түсіруді жөн көрді. Флинннің суреттері сән басылымдарының редакторларына өте ұнады, соңында ол Time-нің тұрақты тілшісіне айналды. 1970 жылы сәуірде Шон мен оның досы Дана келесі материалды дайындау үшін Камбоджаға аттанады. Басында бәрі жақсы болды, бірақ бірнеше күннен кейін журналистер байланысқа шығуды тоқтатты. Оларға не болғанын ешкім білмейді. Шон мен Дана агрессивті аборигендердің қолына түсіп, солардың қолынан қаза табуы мүмкін деген ойлар бар.

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Продюсер Жан Мұқанов Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілерді атады, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...