ХХІ ғасырдың маңызды 10 деректі фильмі

КИНО
3891

Біз ширек ғасырдың басында ғана өмір сүріп жатырмыз, бірақ соның өзі есте қалар оқиғаларға толы болғаны мәлім. Киноның көптеген жанрлары әр түрлі жолмен біздің заманымыздың хаосын түсіндіруге тырысып келеді. Дегенмен, бүгінгі таңда әлемді жақсырақ тануға көмектесетін ең жақсы дүниенің бірі – деректі фильмдер болып табылады. Осы орайда, madeniportal.kz ХХІ ғасырдың 10 маңызды деректі фильмін жинақтады.

«Вирунга» (2014, реж.: Орландо Фон Эйнсиедель)

«Оскар» сыйлығына ұсынылған «Вирунга» фильмі Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміндегі Вирунга паркінің қамқоршыларының күнделікті браконьерлермен күресі жайында.

«Вирунга» деректі фильмі – жануарларды жабайы табиғатта өлімнен құтқару туралы ғана емес, сонымен қатар Конго азаматтық соғысы кезінде өз өмірлерін қатерге тігуге дайын батыл еріктілердің оқиғасын суреттейді. Қолында қаруы бар халықтың көп бөлігі Африка құрлығында өте жетіспейтін табиғи ресурстар үшін бауырларын өлтіруге дайын. Бірақ Конго аумағында Вирунга ұлттық саябағында сирек кездесетін тау гориллалары өмір сүреді, олар үнемі браконьерліктің салдарынан жойылу қаупінде тұр. Соғыс кезінде сирек кездесетін жануарлардың саны едәуір азайды. Айналадағы қатыгездік пен хаосқа қарамастан, адамгершілікті сақтаған батыл адамдар болды. Олар сирек кездесетін жануарларды қорғауға кірісті.

«Американдық зауыт» (2019, реж.: Стивен Боняр, Джулия Ричерт)

Фильмнің сюжеті бойынша АҚШ-тың Огайо штатында қытайлық миллиардер бірнеше жыл бұрын General Motors жабық зауытының негізінде жаңа Fuyao зауытын ашады және екі мың американдық жұмысшыларды жалдайды. Миллиардер қалалық кеңестің мақұлдауына ие болып, бизнесті дамытуға субсидия түрінде 6 миллион доллар алады. Үміт пен оптимизмнің алғашқы күндерінде тәртіпті және еңбекқор қытайлар АҚШ-тың өнімділігі төмен және талапшыл жұмысшы табына тап болған кезде сәтсіздіктерге ұшырайды. 

«Теңіздегі өрт» (2016, реж.: Джанфранко Рози)

Джанфранко Розидің әсерлі деректі драмасының негізгі оқиғасы cоңғы 20 жыл ішінде Африкадан мыңдаған мигранттар келген итальяндық Лампедуза аралында орын алады. Туризм мен балық аулау арқылы өмір сүретін кішкентай итальяндық Лампедуза аралы туристердің ғана емес, сонымен қатар көптеген африкалық босқындардың назарына ілігеді. Тунис пен Сицилияның арасында орналасқан Арал көптеген жылдар бойы шексіз соғыстарды, нәсілдік дискриминацияны, әлеуметтік күйзелістерді ұмытып, алыс шет елде елес бақытын табуға тырысып, Африка құрлығынан біржола кетуге шешім қабылдаған ондаған мың үмітсіз адамдар үшін нақты өткел болды. Олардың артында – соғыс, дискриминация, зорлық-зомбылық, алдында – бостандыққа деген үміт сәулесі тұрады. 

«Бал елі» (2019, реж.: Тамара Котевская, Лжубомир Стефанов)

Хатидзе – өз қолымен бал өндіретін соңғы омарташы. Қорғаныш киімінсіз ол ұялардан балшырындар алып, араларына ежелгі халық әндерін орындайды. Көрші жерде жаңа көшпенділер отбасы пайда болған кезде әйелдің тыныш өмір салты бұзылады. Хусейн сонымен бірге ара шаруашылығымен айналысуды шешеді, бірақ олардың әдістері Хатидзе сияқты ұқыпты емес.

Аталмыш фильм македондық режиссерлар Тамара Котевски және Любомира Стефанованың туындысы. Түсірілім үш жылға созылып, төрт жүз сағаттық материал қолданылды. Деректі фильмде климаттың өзгеруі, биоәртүрліліктің жоғалуы және табиғи ресурстарды пайдалану сияқты бірнеше экологиялық тақырыптар көтерілген. 2019 жылы 28 қаңтарда әлемдік премьерасы «Сандэнс» фестивалінде өтті, сол жылдың шілде айында АҚШ-та кинотеатрлардан көрсетілді. The New York Times басылымы бойынша жылдың «Үздік фильмі» атанды.

«Гунда» (2020, реж.: Виктор Косаковский)

Біз планетамызды миллиардтаған басқа жануарлармен бөлісеміз. Гундамен, екі сиырмен және тауықпен кездесулер арқылы біз өмірдің туа біткен құндылығы мен барлық жануарлар санасының, соның ішінде өзіміздің құпиямыз туралы ойлана аламыз.

Виктор Косаковский объективтің арғы жағындағы тіршілік иелеріне терең қамқорлық жасап, сол арқылы көрерменнің сезімдерін нәрлендіретіні сезіледі. Фильмде «Жануарлар планетасы» сияқты жұптасу рәсімдері мен жануарлардың адамдармен ұқсастығына сендіру әрекеті жоқ. Режиссер тек адамға ғана тән көптеген қасиеттер планетаның басқа тұрғындарында да кездесетінін дәлелдейді. 2020 жылы Берлиналедегі «Үздік деректі фильм» номинациясы бойынша «Белый слон» киносыншылары мен кинотанушылардың сыйлығын, «Артдокфест» кинофестивалінің «Үздік фильмі» номинациясына ие болды.

«Кісі өлтіру актісі» (2012, реж.: Джошуа Оппенхаймер)

1965 жылы Индонезияда саяси өзгерістер толқынында генерал Сухарто билікке келді. Елде жаппай кісі өлтіру басталды, оның барысында кейбір мәліметтер бойынша жарты миллионға жуық адам қайтыс болды делінген. Жаңа биліктің қолдаушылары алаяқтар, бұзақылар, бандиттерден құралды. Қанды оқиғалардан жарты ғасырға жуық уақыт өткен соң, аты шулы Анвар мен оның серіктестері өздерінің өткендері туралы айтуға бел байлайды. Бірақ кейіпкерлер өткен істеріне өкінгендіктен, камера алдына келмегені белгілі болады. 

«Кісі өлтіру актісі» деректі фильмінің негізгі идеясы – қорқыныш, өкінбейтін қылмыскерлердің естеліктері мен қиялдарына саяхат жасау. 2014 жылғы BAFTA сыйлығында «Ең үздік деректі фильм» деп танылды.

«Обадан қалай аман өту керек?» (2012, реж.: Дэвид Франс)

«Обадан қалай аман өту керек?» деректі фильмі АҚШ тарихындағы СПИД індетінің жаппай таралуы туралы баяндайды. Нью-Йорктегі белсенділер тобы аурудың өршуінің алғашқы күндерінен бастап, есту құқығы үшін үздіксіз күрес жүргізді. АҚШ үкіметі зардап шеккендерден бас тартып жатса, бей-жай қарамайтын бірлестіктер емдеу қажеттілігі туралы айтуды тоқтатқан жоқ.

Мұрағат материалдары мен белсенділердің сұхбатын қолдана отырып, режиссер Дэвид Франс Америкадағы СПИД індеті туралы өзіндік есеп ұсынады. Оқиға аталмыш ауру түрімен күресу үшін құрылған екі бірлестіктің төңірегінде өрбиді. Act UP және TAG (тиімді емдеу тобы), олардың белсенділігі мен жаңашыл көзқарасы СПИД-тен аман қалуға үміт сыйлады. Тиісті ғылыми дайындықтың болмауына қарамастан, бұл белсенділер фармацевтика саласына ену жолдарын тауып, жаңа перспективті препараттарды табуға көмектесті, оларды рекордтық уақытта тәжірибелік зерттеу кезеңінен пациенттерге тікелей жеткізу жолында барынша жұмыс істеді.

«Мен сізге негр емеспін» (2016, реж.: Рауль Пек)

«Мен сізге негр емеспін» деректі фильмі көрерменді Америка Құрама Штаттарының нәсілдік проблемаларының қатал, бірақ танымдық атмосферасына енгізеді. 1979 жылы Джеймс Болдвин есімді қара проза жазушысы әдеби агентке хат жазады, онда ол өзінің «Осы үйді есте сақтаңыз» атты жаңа жобасын сипаттайды. Автордың идеясы бойынша кітап революциялық болуы керек еді. Шынайы ұлы адамдар және өз заманының ұлы қайраткерлері болған жазушының үш жақын досының өмірі мен жан түршігерлік өлтірулері туралы жеке жазбалары болатын. Медгар Эверс, Малкольм Икс және Мартин Лютер Кинг сияқты адамдар туралы сөз қозғалады. 1987 жылы Джеймс қайтыс болды. Қолжазбаның тек отыз беті аяқталған тұғын.  

Осы орайда, фильмнің режиссері Болдвиннің қалдырған жазбалары мен бақылауларына сүйене отырып жұмыс істейді. Онда Солтүстік Америкадағы афро-американдық қара нәсілділердің өмір сүруінің түсініксіз және кейде қорқынышты шындықтарын мұқият құжаттаған. Фильмде нәсілшілдік, тең емес мүмкіндіктер, ксенофобия және зорлық-зомбылық мәселелері көтеріліп, талантты жазушының қалдырған қайғы-қасіреті, азабы мен фактілері экранда жарық көреді.

«Полигон» (2010, реж.: Люси Уокер)

Фильмнің сюжеті бойынша суретші Вик Мунис қайта өңделген материалдардан өнер туындысын жасау үстінде. Оның жобасына қоқыс жинаушылар катадорлар өз еріктерімен қатысуға келісті. Көптеген адамдарға төзімсіз болып көрінетін жұмыс алаңында әріптестер жақсы көңіл-күйді сақтап қана қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынаста болады және қалдықтарды сұрыптаудан шынайы рахат алады. Бастапқыда суретші қоқыс көмегімен портреттер жасағысы келді, бірақ Мунис жұмысшылармен неғұрлым көп сөйлесе бастағанымен жоспардағы жобасының ауқымы кеңейе түседі.

Сонымен қатар фильмде әр адамның жерді қалай өлтіретіні және келешек ұрпақ үшін оттегінің тапшы болуы қаупі бар екенін жеткізеді. Қалдықтарды сақтау неге әкелуі мүмкін? Қайта өңдеудің тиімді және қауіпсіз әдістері бар ма? Неліктен адамдар экологиялық мәселелердің маңыздылығын түсінгісі келмейді деген сұрақтарға жауап ашыла бастайды. Фильм халықаралық кинофестивальдерде 5 жүлдеге ие болды, «Үздік деректі фильм» санаты бойынша «Оскарға» ұсынылған.

«Citizenfour: Сноуден ақиқаты» (2014, реж.: Лаура Пойтрас)

Деректі фильм бізге 2013 жылдың басында басталған құпия мәліметтерді баспасөз өкілдеріне беру процесін көрсетеді. Ол бүкіл әлемдегі мемлекеттердің барлау органдарымен тығыз жұмыс істей отырып, АҚШ-тың барлауына жасырын тыңшылық жасауға мүмкіндік беретін құпия бағдарламалардың бар екендігі туралы сөзсіз дәлелдерге ие екенін айтты. Бұл үшін АҚШ-тың Үкіметі оны тыңшылық жасады деген айыппен citizenfour-ға халықаралық іздеу жариялайды. «Сitizenfour» ұзақ уақыт үнсіз қалды. Бес айдан кейін режиссер Лаура Пойтрас  және ірі баспа басылымдарының екі журналисті Гонконгқа «сitizenfour» атымен белгілі, ЦРУ-ның бұрынғы агенті және АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенті, әлемдегі ең жанжалды тұлғалардың бірі Эдвард Сноуденмен кездесуге барып, сегіз күндік сұхбаттан кейін аталмыш фильмнің дүниеге келуіне себепкер болған.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...