Кемер жазығы. Жаз мәурітінің орталанған кезі. Кеужіріңнен құрт домалатқан шілденің шіліңгірі м...
«Батыр мұрасы – ұрпаққа ұлағат»
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақтың арда перзенті, халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының туған күні қарсаңында «Батыр мұрасы – ұрпаққа ұлағат» көптомдық шығармалар жинағының 31-32 томдарының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігі Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиева, жазушы, драматург, публицист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Елен Әлімжан, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің проректоры Данияр Нұрмағанбет, филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулатитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Құлбарақ, Жуалы ауданының Құрметті азаматы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік өңірлік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Сейсекүл Исматова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Темірбай Мұқашев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің филология және журналистика факультетінің аға оқытушысы Бақытжан Махашов, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі Әлімбай Найзабаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Арман Шауханов қатысты.
Қатысушылар Бауыржан Момышұлының шығармалары жайында сыр шертіп, ұрпақ тәрбиесі туралы ой қозғап, Бауыржан Момышұлының ұлағатты сөздерінен мысалдар келтіріп, жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке, болашаққа басқан әр қадамдарын ақылмен шешуге шақырды. Сондай-ақ Бауыржан атамыздың қайраткерлігі, еңбекқорлығы, тәрбиеге толы тағылымдары туралы еңбектері сөз болып, көптомдықтың жалғасын табатындығын жеткізді.
Бауыржан Момышұлы көптомдығының 31-32 томдарында батыр Бауыржанның қойын дәптерінен (блокнот) алынған бүгінгі күнге дейін құпия болып келген жазбалары, жеке басындағы қиындықтары туралы әңгімелері енгізілген.