"Мадина Омарованың шығармалары сөйлем құру дағдысымен ғана емес, жанр тұрғысынан да өзгеше. Жаз...
Сәлім Баракат. Жалға біткен жартастар әпкелерім емес
Күрд тұқымы, сириялық ақын, өткен жылғы Нобель әдебиет сыйлығының ең мықты үміткері Сәлім Баракатты оқи отырыңыздар.
* * *
Мен саған көшедегі сымға асылып өлген торғай туралы айтамын,
Мен саған тереземнен көрінетін таулар туралы айтамын.
Сұр тұман сұп-сұры балғасын ымырттың басына ұрғаны туралы айтамын.
Бәрін айтамын, саған.
* * *
Төбеде тұрған тау ешкі
және тау ешкісіндей мүйіздерін көкке көтеретін ұлы тыныштық.
Бір қадам да жақындама, уа, жолбасшы!
Бір қадам алға жылжымағайсың.
Сенің орның – көз тамыры тұрған жер
Ал Ана жер өз мұрасын бақылар.
Төбеде тұрған тау ешкі
және мүйіздерін сол ешкідей көкке көтерген қыңыр тыныштық.
* * *
A.
Сырт киім де осында,
жел де тұр қасымда,
Сере қардың түбіне сүңгіген іздер мен қардың өзі де осында.
Шамдар, үйлер, соңғы елестер, бәрі бірге тұр.
Жып-жылы алақаныңызға қонған олар айтамыз дейді күнге сыр.
Ал сіз сахнадан үнсіз жаңғырық естуге ұмтылыңыз.
B.
Маған жақындап келе жатқандарды таң сияқты мазасыздық жаулайды,
ал мен – ұлы шырмаудың астында – әлде бір тұтқынның шалбарындай ілулі тұрған жерде – сызықта, сол бір нәзік сызықта,
комедияның бастауынан сенің көз жасыңа дейін тынбай жүгіремін.
C.
Ештеңе де менікі емес,
ал ерік менің күмәнім.
D.
Ашу – түннің ұраны,
ал ойыңызды төгіп алмай тұрып суарыңыз.
E.
Жылтыраған аяқ киім секілді,
никель есік тұтқасы секілді,
Сенің ащы айқайың.
* * *
Ешбір күш мені бұрынғы күйіме қайтара алмайды,
таулардың өзі де.
Таулар менің атам емес,
Орман менің әжем емес ешқашан.
Мен жүрген тар жолдар бауырларым емес,
Жалға біткен жартастар әпкелерім емес,
Төменге қарай құлай аққан бұлақтар да олар емес.
Ешбір таң мені бұрынғы күйіме қайтара алмайды.
Мұнда жеңіліс те, жеңіс те жоқ,
Бұрынғы күйіме қайта оралу мүмкін емес.
Ағылшын тілінен аударған Дүйсенәлі Әлімақын
Мәдениет порталы