Отандық режиссер Шарипа Уразбаева Лондонда өткен 22-халықаралық «Rainbow Film Festival»...
Табиғи апаттар мен жойқын күш туралы үздік жеті фильм
Өткен жылдың соңында Netflix платформасында Адам Маккейдің «Жоғарыға қарамаңыз» сатиралық фильмі бірінші дәрежелі Леонардо Ди Каприо сынды Голливуд жұлдыздарының қатысуымен галактикада өзгерісті зерттеуге қатысса, ақпан айының үшінен бастап еліміздің кинотеатрларында ауқымды экшн түсірудің шебері Роланд Эммерихтің «Айдың құлауы» фильмі көрерменге жол тартты. Коронавирустық пандемия таралғаннан кейін табиғи элементтердің жойқын күші туралы фильмдер қайтадан танымал бола бастады. Осы орайда планетаңыздың тағдыры туралы алаңдайтын болсаңыз, Сізге көруге кеңес беретін 7 үздік фильмді ұсынамыз, құрметті кино сүйер қауым!
«Смерч» (1996, реж.: Ян де Бонт)
Ширек ғасыр бұрын түсірілген «Смерч» фильмін торнадоның жойқын күшіне арналған фильмдер тізіміндегі ең үздігі деп атауға болады. Адамдардың табиғат күштерімен күресі әрқашан қайғылы жағдаймен аяқталады. Торнадо – табиғаттың ең күшті және болжанбайтын құбылыстарының бірі. Оқиғалар Джо (Хелен Хант) және оның әйелі (Пакстон) метеорологтың айналасында орын алады. Себебі олар ойлап тапқан жаңа құрылғыны зерттеу үшін бүкіл елде ушығып жатқан торнадоның хақ ортасына түсуге мәжбүр. Фильмде арнайы эффектілер бүгінгі заманда және кинотехнологияның дамыған кезіңде айтарлықтай ескірген сияқты, бірақ фильмнің кейбір көріністері әлі күнге дейін жүректі дүр сілкіндіреді. Мысалға, аспанда ұшатын сиырдың көрінісі тоқсаныншы жылдардағы киноөндіріске жаңалық енгізді.
«Арғы күні» (2004, реж.: Ролланд Эммерих)
Арт Беллдің кітабына негізделген Роланд Эммерихтің «Арғы күні» фильмінде бірнеше апатты оқиғалар орын алады. Фильмнің сюжеті планетаның жаһандық катаклизмдердің тұңғиығына қалай түскені туралы баяндайды. Жаһандық жылынудың нәтижесінде мұздықтар жаппай ери бастайды, бұл өз кезегінде мұхит суларының температурасының күрт төмендеуіне әкеледі. Жаһандық жылынудың соңы мұз дәуірінің қайтып оралуына себепкер болады. Негізгі сюжет бірден үш бағытта өрбиді. Олар климат дағдарысының дамуын бақылайтын ғалымдар тобының арасындағы пікірталас, адам шығынын азайтуға тырысатын саясаткерлердің әрекеті және өмірі мен ұрпағын сақтап қалуды мақсат еткен адамдардың күресін бейнелейді.
«Меланхолия» (2011, реж.: Ларс фон Триер)
Даниялық режиссер Ларс фон Триердің «Меланхолиясы» алдыңғы фильмнің қарама-қайшы тұсы десек те болады. «Әлемнің соңына дос іздеймін» фильмі өмірді растауға тырысатын жерде «Меланхолия» толығымен депрессияға итермелейді. Канн кинофестивалінде батыл мәлімдеме жасағаннан кейін «Меланхолия» драмасы Ларс фон Триер үшін шын мәнінде жанжалды болды. Режиссер бірден фестивальдің қара тізіміне енді. Дегенмен, фильмде Триердің сөзіне сәйкес келетін ештеңе жоқ. «Меланхолия» жан түршіктірер табиғи апаттардың орнына көрерменді өз өлімін психологиялық тұрғыдан қалай қабылдайтынын ашық түрде көрсететін фильм.
«Әлемнің соңына дос іздеймін» (2012, реж.: Ролэн Скафариа)
Өлімге әкелетін астероид жер орбитасына жақындап келеді, әлем соңғы апокалипстен құтылмасы анық. Басты кейіпкер Стив Кареллдің орындауындағы Даг Петерсон соңғы күндерін барынша тиімді өткізудің жолын іздейді. Әйелімен ажырасқаннан кейін, Даг өзінің бұрынғы романтикалық қарым-қатынаста болған Оливия атты кейіпкермен бас қосуды жоспарлайды. Ұқсас тақырыптағы көптеген фильмдерден ерекшелігі – көкжиектен төңіп келе жатқан апатты біле тұра кейіпкерлер өз бойындағы әзіл мен позитивті көңілді жоғалтпақ емес. Фильм Лорен Скафарияның дебюттік режиссерлік жұмысына айналды. Лос-Анджелесте американдық сектант Гарольд Кэмпингтің 21 мамырға ақырзаманды болжағанға дейін фильмнің түсірілімі басталып кеткен. Скафарияның айтуынша, ол «сценарийді адам деңгейінде сақтап, қарым-қатынас тарихына негізделе отырып адамдар соңғы күндерін қалай қарсы алатынын көргісі келгені» жайында айтады.
«Толқын» (2015, реж.: Роар Ухтауг)
«Толқын» Америка Құрама Штаттарынан тыс жерде түсірілген ең жақсы апаттық фильмдердің бірі. Фильм норвегиялық қалашыққа қауіп төңдіріп келе жақан цунами төңірегінде өрбиді. Сонымен бірге, режиссер Роар Утхауг саналы түрде қорқынышты жойылулардың кадрларын қолданбай, оның орнына қоғамдағы кішкентай адамдардың бюрократиялық жүйемен күресін негізге алады. Геолог Кристиан Эл кор жоғары деңгейдегі адамдарға жақындап келе жатқан апат туралы ескертуге тырысады. Әрине, ғалымға ешкім сенбейді, оның дүрбелеңіне келемежбен жауап береді. «Толқын» – бұл көрнекі түрде тексерілген және өте жанды фильм. Көптеген оқиғалар түсірілген бұл жанрда жаңа нәрсе ашқысы келетіндер үшін өте қолайлы фильм.
«Сан-Андреастың бөлінуі» (2015, реж.: Брэд Пэйтон)
Үздік апат тақырыбын арқау еткен фильмдер финалға дейін өздерінің ең эпикалық сәттерін сақтай біледі. «Сан-Андреастың бөлінуі» фильмінде Калифорния жартастарындағы бірнеше жұқа жарықтар цунами мен әртүрлі деңгейдегі басқа катаклизмдерді тудыратын жойқын жер сілкінісіне алып келеді. Басты кейіпкер Рэй Гейнс (Дуэйн Скала Джонсон) атты құтқарушы ұшқыш апат кезінде сейсмикалық белсенділіктің эпицентрінде тұрған қираған ғимараттан отбасын шығару үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Оның ұзақ және өте қауіпті құтқару миссиясы төтенше жағдайда өмір сүрудің тамаша нұсқаулығы болуға лайықты.
«Гренландия» (2020, реж.: Рик Роман Во)
Американдық продюсерлер байқаусызда жер орбитасына түсетін қорқынышты ғарыш объектілері туралы фильмдерге ерекше құштарлықты сезінетін сияқты. «Армагеддон» мен «Тұңғиықпен соқтығысқан» фильмдерінен кейін бұл тақырып мәңгіге жабылған болып көрінген. Өкінішке орай, Джерард Батлермен бірге «Гренландия» ғылыми триллері біздің заманымызда да ғарыштан қорқу трендте қалатынын дәлелдеп берді. Фильмнің басты кейіпкері Джон Геррити (Джерард Батлер) есімді жұмысшы-динозаврлар әлемін жойған кометадан он есе үлкен жұлдызды тастың келе жатқанын естіп, өз отбасын құтқаруды мақсат етеді. Планетадағы жалғыз қауіпсіз жер Гренландиядағы жұмбақ бункер екені мәлім. Бірақ оған жету жолы кейіпкерлер үшін тым ауыр болады.