"Айка" фильмі "Оскар" сыйлығының шорт-лист тізіміне енді

КИНО
3147

Достарым, АҚШ-тан жағымды жаңалық келіп жетті. Еліміздің атынан ұсынылған Дворцевойдың «Айка» фильмі «Оскар» сыйлығының шорт-лист тізіміне енді. Фильмнің режиссёрі Сергей Дворцевойды, басты рөлде ойнаған Самал Еслямованы, продюсері Гүлнар Сәрсенованы, осы туындыға еңбек еткен адамдардың бәрін құттықтаймын!

«Оскар» сыйлығының шорт-лист тізіміне енді деген нені білдіреді, достарым? Демек, біздің фильм «Ең үздік шетелдік фильм» номинациясында Америка киноакадемиясының сыйлығына үміткер тоғыз туындының қатарына енді, ал 22 қаңтар күні осылардың ішінен номинацияға ие болған бесеуі белгілі болады.

«Ең үздік шетелдік фильм» номинациясында кино саласындағы әлемде дәрежесі өте жоғары сыйлыққа үміткерлер қатарында Альфонсо Куаронның «Рим» (Мексика), Хирокадзу Корээданың «Дүкендегі ұрылар» (Жапония) - бұл фильм Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағы» иегері, Павел Павликовскийдің «Қырғи-қабақ соғыс» (Польша), «Капернаум» (Ливан), Never Look Away (Германия), «Кінәлі» (Дания) және Birds of Passage (Колумбия) фильмдері. 

Жалпы әртүрлі номинацияларда 150 ел өз кинотуындыларын ұсынған. «Оскар» сыйлығын тапсыру салтанаты 24 ақпанда өтеді.

Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының фейсбук парақшасынан алынды


author

Самал Еслямова

АКТЕР

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...