Депутат Роза Рымбаеваның авторлық құқығы тапталып жатқанын айтты

Фото: инстаграм парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
1088

Депутат Олжас Құспеков орындаушылардың авторлық құқығы тапталып жатқанын айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Депутаттың айтуынша, әншіге осы күнге дейін оның орындауындағы туындыларды ретрансляция жасағаны үшін көк тиын да төленбеген. Заң бойынша авторға төлемақы қарастырылғанымен, оның мүлік құқығын реттейтін нормаларды әлі де нақтылау қажет. Яғни теле-радиода эфирде қолданылғаны үшін ақша төленуі керек.

Халық қалаулысының мәлімдемесімен әділет министрі Ерлан Сәрсембаев та бірден келісе кетті. Ал сахна саңлағы Роза Рымбаева бұл тақырыпқа қатысты тіс жарып қандай да бір пікір айтудан бас тартты. Осыдан кейін "Авторлық құқық туралы" заңның 16-бабына өзгеріс енгізілуі мүмкін.

"Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" заңның 16-бабына сәйкес, авторлар мен өзге де авторлық құқық иеленушілер туындыны пайдаланудың әрбір түрі үшін сыйақы алуға құқылы. Алайда біздің заңнама авторлар мен орындаушылардың авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін қайта жіберуге қатысты мүліктік құқығын қарастырмайды. Мысалы, Роза Рымбаеваның әндері эфирге шыққанда ақы төленбейді. Сол үшін әншінің құқығы бұзылып жатыр. Осы олқылықты жоюды қалай жоспарлап отырсыз?" - деді ол. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...