Елімізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін түрлі бағдарламалар бойынша жұмыстар жасалып жатыр. &l...
Құжаттардың түпнұсқа екенін растауға мүмкіндік бар
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Енді еGov.kz порталында білім туралы құжаттарды тану қызметі жұмыс істейді, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі kaz.tengrinews.kz сілтеме жасап.
"Енді пайдаланушылар онлайн режимінде электрон үкімет порталында жоғары, орта, техникалық және орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қызметіне өтінім бере алады. Бұл пайдаланушыларға білім туралы ерте алынған құжаттардың түпнұсқа екенін растауға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді "Ұлттық ақпараттық жүйелер" АҚ.
Пайдаланушы бұрын жоғалған құжаттың түпнұсқалығын тану туралы анықтама ала алады, оның көшірмесін ала алады немесе шетелде алған білімінің түпнұсқалығын растай алады.
"Қызмет Қазақстанда және одан тыс жерлерде білім алғанын растайтын құжаттарға қолданылады", - деп нақтылады ҰАТ.
Қызмет құжаттардың екі санаты бойынша жұмыс істейді: орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттар.
Бұл қызметті онлайн және ХҚКО арқылы оффлайн режимде де қолжетімді.